RU

ХҚКО-да қайтыс болған мүгедек азаматтың қызы: Біз кінәлілерді жазасыз қалдырмаймыз

ХҚКО-да Іле ауданы тұрғынының қаза болғаны туралы ақпарат халықты шулатқан болатын. Ұлын тіркеп үлгермеген Қонысек Сәлімбаевты ОҚО-ға соңғы сапарға аттандыру үшін алып кетті.

NUR.KZ тілшісі 59 жастағы азаматтың ауылына барып, мән-жайды сұрап қайтты. Үй-іші оның мәйітін ОҚО-ның Шардара ауданына жерлеуге алып кеткен екен.

Сол жерден 10 жыл бұрын Алматы маңына көшіп барған азамат отбасына үй салып беруді жоспарлап жүрген екен. Алайда оның бұл арманы орындалмай, ер адам мезгілсіз қайтыс болды.

Қонысбек уақтыша тіркелу туралы ести салысымен, ХҚКО-ға ұлын тіркеу үшін жолға шыққан. Қасына ұлы мен әйелін ертіп барған азамат үйіне табытпен оралды.

"Әкем, аяғы жоқ мүгедек еді. Оны кезексіз жіберуі тиіс болатын, ол кезекте тұра алатындай күйде емес еді. Қан қысымы көтеріліп, басы айналған. Сыртқа шыға салысымен, есінен танды. Жедел жәрдем көп уақыттан кейін кешігіп келді", - дейді Индира.

Индира әкесінің ХҚКО-да үш сағаттан артық уақыт жүргенін, талонға кезекке тұрғаннан кейін жағдайы нашарлап кеткенін айтуда.

"Ол көшеде тұрып, өзінен өзі өлді дейді. Қалай көшеде өледі? Ол кезекте 3-4 сағат бойы тұрды. Сол себепті, басы айналып, өліп кетті. Ол талонын да алып үлгермеді", - деп күйінді қызы.

Әкесінің қазасын күтпеген Индираның көзі жасқа толған. Кеше ғана перзентханадан шыққан әйелді үйінде қаралы хабар күтіп тұрды.

"Біз кінәлілерді жазасыз қалдырмаймыз, шағымданатын боламыз. Шымкенттен бәрі келгесін, қалай да шағымданатын боламыз", - деп жылап жіберді Индира.

Қонысбек Сәлімбаевты жұма күні жерлейтін болады.

Еске сала кетсек, 11-ші желтоқсан күні NUR.KZ редакциясына оқиға куәгері хабарласып Алматы облысының Халыққа қызмет көрсету орталығында ер адамның қаза болғанын хабарлаған.

Тағы оқыңыздар:

БАҚ Баян Есентаеваның жаңа махаббаты жайлы жазды (фото)

Қазаққа келін болған орыс қызы: Қазақтың келіні болған шынымен де керемет екен (фото)

Өзбекстандық спортшы жекпе-жек басталмай жатып-ақ нокаутқа түсті (видео)

Астанада уақытша тіркеуі жоқ ана науқас баласымен далада қалуы мүмкін

Геннадий Головкин: Қазір қиын жағдайда жүрмін

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1373660-khqko-da-qaytys-bolghan-mugedek-azamatt/