Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәскеуде 8 ай бойы құлдықта отырған қазақ қызы азапты күндерін баяндады (видео)

Опубликовано:

Қазақстан азаматшасы Несібелі Ибрагимова сегіз ай бойы Жансұлу Ыстанбековаға тиесілі Мәскеудегі азық-түлік дүкенінде құлдықта болған. 5 желтоқсан күні бойжеткен ол жерден қашып шығып, "Азаматтық көмек" комитетіне жүгінген деп хабарлайды "Мемориал" құқық қорғау орталығына сілтеме жасап NUR.KZ.

Мамыр айында Несібеліні 30 мың рубль айлығы бар жақсы жұмысқа тұрғызамыз деп уәде беріп, Мәскеуге шақырады. Ең алғашқы кездесуде-ақ дүкен иесі оның құжаттарын, екі ұялы телефонын және киімдері салынған жүк сөмкесін тартып алған. Кейін сегіз ай бойы бойжеткенді дүкенде күшпен ұстап, күн сайын ұрып-соғады.

Анасына хабарласу үшін Несібеліге телефонды айына бір рет беріп отырған. Онда да тек бастығының көзінше, дыбысын қатты шығарып қойып сөйлеседі. Жансұлу Ыстанбекова құлдарының өз туысқандарына арыз жасамауын қатаң қадағалаған. Дүкенге жиі келіп тұратын сатып алушылар Қазақстаннан келген жас қызға дүкенде жұмыс істеу тым қауіпті екенін, ол жердегілердің бәрін ұрып, құлдықта ұстайтынын ескерткен.

"Мен алғашында ол сөздерге сенбедім, бірақ, уақыт өте келе көзім жетті. Біз дүкеннің ішінде ұйықтадық. Тамақтың орнына қатып қалған нан мен су беретін. Жансұлу және оның Бека деген оң қолы бәрімізді үнемі ұрып-соқты . Кешке таман немесе түнде қожайын ең арзан және нашар арақты зорлап тұрып ішкізетін", - дейді әбден азапталған бойжеткен. 

Ол жерден құтылып шығу әрекетін Несібелі ең бірінші рет 17 қыркүйек күні жасады. Сол күні дүкеннің артқы есігінен қауын кіргізіп жатқанда, ол қоқыс тастауға шыққандай боп, қашып кеткен. Бірнеше күн жақын жердегі кафеде жасырынған Несібелі көп уақыт өтпей өзінің анасына хабарласып, Жансұлудың "Қызыңыз менен ірі көлемде ақша ұрлап кетті. Қайтып келмесе, сотқа беремін" деп үйіндегілерін қорқытқанын біледі.

Шамалы күннен кейін дүкен иесі қашып кеткен қызға өзі хабарласып, осы уақытқа дейін жұмыс істеп тапқан ақшасын қайтарамын деп уәде берген. Сондай-ақ, құжаттары Жансұлудың өзінде болғандықтан оның ешқайда кете алмайтынын, қайда қашса да тауып алатынын айтып қорқытады.

Несібелі қорыққанынан дүкенге қайтып барады. Ол жерге барғаннан кейін оны күндегісінен де қатты соққыға жыққан. Кешке жақын ішуге мәжбүрлеген ішімдіктің кесірінен құлдықта жүрген қыз ауруға шалдығып, өзінің атын ұмытатындай халге түседі.

5 желтоқсан күні Несібеліні қатты ұрады: бет-аузының бәрі ісіп кетіп, иығын қозғалта алмаған. Оған шыдамаған қыз сол күні түнде тағы қашып кетеді.

Бұрын өзінің нөмірін қалдырып кеткен тұтынушылардың бірі оған көмектескен. Бейтаныс әйел құлдыққа қарсы «Альтернатива» қозғалысымен байланысады. Оның көшбасшысы Олег Мельников Несібеліні  сол күні-ақ алып кетіп, тамақ пен киім беріп, бір бөлмеге орналастырған. Сондай-ақ, емханаға апарып, жарақатын таңады.

Қозғалыстың мүшелері бойжеткенді Қазақстанға қайтару үшін ақша жинап берген.

27 желтоқсан күні Несібелі Мәскеудің ІІД бөлімшесіне шағым түсіреді.

"Азаматтық көмек" комитеті "Мемориал" құқық қорғау орталығымен бірге зардап шеккен бойжеткенге заң тұрғысынан көмек көрсететіндерін айтты.

Шолпан, Жанар, және Жансұлу есімді апалы-сіңілі Ыстанбековалардың жұмысшыларын құлдықта ұстайтын дүкендері Мәскеуде өте көп екен. Олардың жұмыс жасап жатқанына 13 жылдан асқан.

Тексеріс келген кезде, қожайындары қызметкерлерін қоймаға жасырады немес оларға жалған құжат жасатады. Сөйте тұра ағайынды Ыстанбековалар осы уақытқа дейін бір де бір рет қылмысмтық жауапкершілікке тартылмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1378612-qazaqstandyq-boyzhetkendi-maskeu-duk/

pixel