Сапарбаев идея ұсынбайтын ақтөбелік шенеуніктерге күйінді
Жарияланған күні:
Шенеуніктер өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту үшін идея ұсынбайды екен. Соны сынаған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ең болмағанда өзге облыстардың идеяларын пайдалануға кеңес берді, деп хабарлайды «Тілші».
Облыстық кәсіпкерлер басқармасының басшысы Анар Даржанованың жылдық есебін тыңдаған облыс әкімі аталған ведомствоның жұмыс нәтижесін сынға алды. Әкімнің айтуынша, басқарма басшысы мен облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов ұлттық экономика министрлігімен тығыз қарым-қатынас орнатпаған. Соның салдарынан кәсіпкерлікті дамыту үшін облысқа бөлінетін қаржы көлемі азайған.
"Басқарма басшысы мен облыс әкімінің орынбасары ұлттық экономика министрлігімен дұрыс жұмыс істемейді. Сондықтан, тағы да қайталаймын, жауапты адамдар министрлікке барып, шағын және орта бизнес субъектілері, жұмысшылар саны туралы статистикалық мәліметтерді көрсетіп, оларға дәлелдеу керексіңдер", — деді Сапарбаев.
Сондай-ақ, облыс әкімі шенеуніктердің бір ғана бағытпен жұмыс істейтіндігін сынады. Оның айтуынша, басқарма тек Еуропалық даму және қайта құру банкімен ғана емес, өзге де халықаралық ұйымдармен байланыс орнату керек.
«Өзге өңірлердің тәжірибесін зерттеңдер деп үнемі айтамын. Міне, қасымыздағы Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облысын мысалға алайық. Аталған өңірлерде қандай жылыжай салынғандығын ең болмағанда интернеттен қараңдаршы», – деп кейіді Сапарбаев.
Тағы оқыңыздар:
Қостанай облысының тұрғыны үкіметтен уақытты ауыстыруды сұрап отыр
Атырауда бақташы өз әріптесін атып тастады
Ашуға мінген атыраулық келін енесінің бетінен бір-ақ ұрған
Астанада Сирияның тағдыры шешілгелі жатыр
Алматыдағы көлік салондарының біріндегі әжетханаға кірген қыздың жүрегі тас төбесіне шықты
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1382701-saparbaev-ideya-usynbaytyn-aqtobelik/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.