RU

Талғат Ермегияевтің ұлы Трамптың ұлықтау рәсіміне қатысты (фото)

Қаржы жымқырды деп сотталып кеткен "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясының экс-төрағасы Талғат Ермегияевтің ұлы Қазыбек Ермегияев АҚШ президентінің ұлықтау рәсіміне қатысты деп хабарлайды NUR.KZ.

Ол бұл шараға қатысқан алғашқы қазақ екен.

Шеруде жүріп өткен суретін Ермегияевтің ұлы өзінің желідегі парақшасында жария етті.

Сонымен қатар қуанышты жаңалықпен қазақстандық тележүргізуші Айгүл Мүкей де желідегі парақшасында бөлісті.

«Кеше АҚШ президентінің ұлықтау рәсіміндегі салтанатты шеруге Қазақстан азаматы, өзінің отбасы мен еліміздің беткеұстар ұлы Қазыбек Ермегияев те қатысты. Қазыбек АҚШ-тағы әскери оқу орнының студенті. Ол нағыз қазақ жігіті сияқты барлық уақытын ат үстінде өткізеді", - деп жазды Мүкей.

Тележүргізуші Қазыбектің спорттағы, оқудағы қоғамдық жұмыстардағы алғырлығының арқасында осы шеруге қатысқан жалғыз қазақ екенін атап өтті.

"Қазыбек, осы бетіңен қайтпа. Біз сені жақсы көреміз, үнемі сенімен біргеміз. Менің ұлым Асанәлі де сен және сенің бауырларын секілді болғанын қалаймын", - деп жазды Айгүл Мүкей.

Қазыбек әскери академияға осыдан үш жыл бұрын түскен деп жазады Newtimes.kz.

Кейін ол 15 адамнан тұратын Color Guard деп аталатын элиталық кадет тобының құрамына кіреді. Сонымен бірге ол спораттағы жетістігі үшін 120 жылдық тарихы бар элиталық кадет жасағына қабылданған.

Ол сонымен қатар виц-президент Майкл Пенстің салтанатты кештерінің бірінде АҚШ пен Индиана штатының туын күзеткен төрт кадеттің бірі.

Тағы оқыңыздар:

Қостанай облысының тұрғыны үкіметтен уақытты ауыстыруды сұрап отыр

Атырауда бақташы өз әріптесін атып тастады

Ашуға мінген атыраулық келін енесінің бетінен бір-ақ ұрған

Астанада Сирияның тағдыры шешілгелі жатыр

Алматыдағы көлік салондарының біріндегі әжетханаға кірген қыздың жүрегі тас төбесіне шықты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1382781-talghat-ermegiyaevtinh-uly-tramptynh-uly/