Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақжарқын Тұрлыбай Қытай түрмесінде қандай жұмысқа салынды?

Жарияланған күні:

Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған қазақ қызы Ақжарқын Тұрлыбайдың көрші ел түрмесінде қандай жұмыс істейтіні белгілі болды.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды деп жазады NUR.KZ.

Белгілі болғандай, Ақжарқын Тұрлыбаева Қытай түрмесінде бір реттік пакеттерге қолғап пен басқа да бұйымдарды салып, қаптайды. Сондай-ақ, Ақжарқынға күніне 1-1,5 сағат қытайлық жаңалықтарды тыңдауға рұқсат етілген. Бұл туралы ҚазАқпарат - қа  ҚХР-дағы Қазақстан Елшілігінің консулдық бөлім жетекшісі Болат Сырлыбаев хабарлады.

Көзінің көруі нашарлаған Ақжарқынға консулдық көзілдірік алып берді. Сонымен қатар, Ақжарқынның камерсына ыстық су жүргізілген. Ақпан айында 23 жасқа толатын жерлесіміздің карточкасына дипломат аздап ақша да аударған.

Еске сала кетейік, Ақжарқын Тұрлыбай есірткі тасымалдады деген айыппен Қытайда ұсталып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған болатын. Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы  жазасын Қытай абақтасында өтеуде.

NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген Ақжарқынның анасы айы сайын қызына тамағы үшін 50 мың теңге аударатынын айтып, қызының Қазақстанға экстрадициялануын күтіп жүргенін жеткізді.

Портал тілшісімен хабарласқан Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы NUR.KZ оқырмандарына қолдауы үшін алғысын айтып, Ақжарқынның алдағы тағдырына қатысты сот отырысы ақпанның аяғында өтетінін хабарлады.

Тағы оқыңыздар:

Дәрігерлер жүрекке отаны қалай жасайды? (фото +18)

Өгей шешесі 7 жерден пышақтап өлтірген баланың әкесі оқиғаға қатысты өз нұсқасын айтты

Оңтүстіктің түрғындары солтүстікке көшіп келгендеріне өкініп отыр

«Манчестер Юнайтед» тарихындағы ең үздік 10 сұрмерген

Тәжікстанда ана тілін дұрыс білмейтін шенеуніктерге тәжік тілін қайта оқытып жатыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1385198-aqzharqyn-turlybay-qytay-turmesinde-q/