jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Риза Шайқақ
Риза Шайқақ
Бұрынғы қызметкер

Қызылордада әкім есебінің соңы айқайға ұласты

: UGC

Қызылордада жыл бойы тындырғанын жіпке тізген Тасбөгет кентінің әкімі жұрттың ашуын келтірді деп хабарлайды Ктк арнасы. 

Тұрғындардың айтуларынша, Тасбөгет кенті басшысының баяндамасында түйірдей шындық жоқ. Шенеунік «бәрін қатырдым» десе де, мұнда шешімін таппай жатқан мәселе шаш етектен екен. Мәселен, тасбөгеттіктер әлі құлағалы тұрған апатты үйде жан бағып отыр.

Қоғамдық көлік пен жол да - жұрттың жылдар бойғы бас ауруы. Бірақ, әкім мұның бір де бірін айтпай, жоғарғы жаққа өтірік есеп берумен жүр деп айтады тұрғындар.

Тасбөгет әкімі тұрғындар алдында есеп беруге барынша сайланып келіпті. Бір жыл бойы істеген жұмысын жаңылмай жіпке тізді. Алайда, әкімнің қисынға келмейтін сөзі жұрттың қытығына тимей қоймады. Шенеунік сөзін аяқтағаны сол екен, жұрт бас қайғыға айналған мәселелерін айтып, есеп бергіш әкімге жақ аштырған жоқ.

Тұрғындардың былай қырық-пышақ болуына себеп көп. Мұндағы басты мәселе – апатты жағдайдағы үйлер. Әбден ескірген нысандар әне-міне құлау алдында тұр. Қиранды астында қалудан қорқатын жұрт осы жағдайға келгенде әкімнің шарасыздығына ашулы.

Тағы оқыңыздар:

Шымкент әкімі «аңқиып» тұрған арықтарды қалай жапқанын айтып берді

Үш центнер насыбайды пойыз төбесіне жасырмақ болғандар ұсталып қалды

Қытайда жүрген Димаш Құдайбергеновтің оққағарлары бар ма? (фото)

Сабина Алтынбекова Универсиада алауын ұстап жүруден бас тартты

Аңдамай сөйлеген депутатқа қатысты тексерістің қорытындысы жарияланды

Қызылордада әкім есебінің соңы айқайға ұласты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.