Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздегі бас дәрігердің бірі науқастардан қалай ақша алу керектігін үйретті (видео)

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде ақ халатты дәрігерлерге қатысты даулы видео таралып кетті. Видеода белгісіз дәрігердің науқастардан мейілінше көп ақша алу үшін түрлі ауруды ойлап табуды тапсырғаны көрсетілген деп хабарлайды NUR.KZ.

Видео алдымен Санжар Боқаевтың Facebook-тағы парақшасында жарияланды. Боқаевтың сөзінше, Қазақстандағы медорталықтардың бірінде өткен кеңейтілген жиында бас дәрігер науқастардың ақшасын сыпырып алып қалуды тапсырады.

"Медорталық. Бас дәрігер қоластындағы қызметкерлерге науқасты мейілінше "ауру" қылып көрсетіп, көп ақша табу керектігін айтып жатыр. Яғни, түрлі ауруды ойлап тауып, қабылдау бағасын қымбаттатуды нұсқауда. Олардың да өз жоспары бар. Бізді ауру қылатын дәрігерлердің өзі", - деп жазады желі қолданушысы.

Кадрдан ақ халатты дәрігердің қарамағаныдағы қызметкерлерге науқастан барынша көп ақша алып қалудың тәсілдерін үйретіп жатқаны байқалады.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев бүгін Қазақстан халқына арнайы үндеу жолдайды

Астана вокзалында пойыздың үстіне шатыр опырылып түсті (фото, видео)

Астаналық шендінің тоқалы болған бойжеткен аста-төк өмірін баяндады

Павлодарлық тұрғын Назарбаевтың ешкім көрмеген отбасылық суретін тауып алды (фото)

Пластикалық отаға әуестенген ағайындылар адам танымастай өзгеріп кетті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1387489-elimizdegi-darigerlerdinh-biri-nauqa/

pixel