Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қоғам белсенділері уақытша тіркелу туралы заңға мораторий енгізуді сұрады

Опубликовано:

Қоғамдық ұйымдар мен "Нұр Отан" партиясының мүшелері уақытша тіркелу туралы заңды тоқтата тұру керек деп санайды. Олардың айтуынша, алдымен барлық даулы мәселелерді шешіп алған жөн.

27 қаңтар күні көші-қон полициясы мен "Нұр Отан" партиясының өкілдері тұрғындармен кездесу барысында уақытша тіркеуге тұру мәселесін талқыға салды деп хабарлайды YK-news.kz басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.

Аікірлесу барысында азаматтардың көптеген мәселелеріне жауап беру мүмкін емес екенін анықталған .Себебі, республикада уақытша тіркелудің тәртібін толыққанды регламенттейтін ережелер, бұйрықтар және басқа да құжаттар жоқ.

Мысалы, егер тұрғын өзінің саяжайында жарты жыл тұруды шешсе, ол тіркеуге тұруға міндетті бола ма деген сұрақ жауапсыз қалып отыр. Сонымен бірге, егер тұрғын шалғай ауылға қонаққа барса, ал аудан орталығы қашықта орналасқан болса не істеу керек деген сауалдың да жауабы нақтыланбаған.

"Жаңалық елдің көптеген заңдары мен кодекстеріне түсініксіз сұрақтардың көбеюіне алып келді. Көптеген нақты жағдайларда уақытша тіркелу тәртібін айқындап беретін аңға тәуелді актілер жоқ. Парламентке, ІІМ-не хат жолдап,уақытша тіркеуге тұру туралы заңға мораторий енгізуді сұрау керек", - деп мәлідеді "Бірге" қоғамдық бірлестік төрайымы Лидия Ситникова.

Бұл бастаманы "Нұр Отан" партиясының өкілдері де қолдап отыр.

"Қиындықтар шын мәнінде өте көп. Мысалы, егер Ресейдің Новосібір қаласында тұратын туысына қонаққа барғысы келетін адам не істеу керектігі белгісіз. Өзге елдің азаматын жалға алушыны тіркеуге ал деп қалай талап ете аламыз? Осы түйткілдердің барлығын парламент пен үкңметке жолдаймыз. Барлық даулы мәселелерді қарау кезінде уақытша тіркеу туралы заңды тоқтата тұруды ұсынамыз", - деп атап өтті партияның қалалық филиалы төрағасының орынбасары Майраш Екібасова.

Заңнаманың жаңа нормаларына сай, егер тұрғын он күннен астам уақыт бойы пәтер жалдап тұрар болса, онда сол жерге тіркеуге тұру қажет болады. Сонымен бірге, туысы немесе досының үйінде он күннен артық уақыт жатқан адам да тіркелуге міндетті.

Жаңа заң қоғамда үлкен дау тудырып, ХҚКО-да кезекке тұрған адамдар легі артқан.

Авторы: Елена Балова

Тағы оқыңыздар:

Алматы облысында адам қағып өлтірген автобус жүргізушісі жазасын үш айдың ішінде өтеп шыққан

Мектепке мұғалім болу үшін кімге қанша ақша беру керек?

Алматыда Универсиада автобусы жол апатына ұшырады (фото)

Ұлттық банк төрағасы Ақышев өзінің қамауға алынбағанын дәлелдеп берді

Қазақстанның басым бөлігінде ауа рауы күрт жылынбақ

Болашақ жарымен бірге шетелде жүрген Баян мінсіз мүсінін көрсетті (фото, видео)

"Қашан тұрмысқа шығасың" деген сөзден шаршаған арулар уақытша жігіт жалдап жатыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1390673-nur-otan-partiyasy-musheleri-uaqytsha-ti/

pixel