Оралда қысқы демалысқа келген студент із-түзсіз жоғалып кетті (фото)

Опубликовано:

Астанадағы Лев Гумилев атындағы ЕҰУ-дің студенті Руслан Имашев 28 қаңтар күні із-түзсіз жоғалып кеткен. Анасы ұлының жоғалғандығы туралы арызын 8 ақпан күні яғни 10 күн өткеннен кейін жазған деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ол Астанада оқиды, ал өзі Оралдан. Оралда жоғалып кеткендіктен бізге өтініш түскен жоқ. Біз оның анасына хабарластық, Орал қалалық ішкі істер басқармасына арыз жазған екен. Өйткені, оның пойызға отырғаны не отырмағаны белгісіз. Сол ауданда жоғалған сияқты. 28 қаңтар күні ол Оралдан шығуы тиіс болған. Анасы тек 10 күн өткеннен кейін ғана арыз жазып отыр», - деді Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінен.

Достарының айтуынша, Русланның банк карточкасынан Астанада ақша алынған.

Руслан Имашев жайында кез келген деректі білетін азаматтар мына нөмірлерге хабарласуына болады: 8-702-715-36-12 (Дәуірхан); 8-702-533-65-90 (Азат); немесе 102.

Тағы оқыңыздар:

Әблязовтің сыбайласы болған танымал журналист ұсталды (видео)

Серік Ахметовтің ісі бойынша сотталғандардың бірі бостандыққа шықты

Танымал актриса елден көмек сұраған сегіз баланың анасын сөгіп тастады (фото)

Қазақ қыздары туралы бар шындықты жайып салған жігіт сынның астында қалды (видео)

Димаш Қытайдағы танымал адамдар рейтінгісінде көш бастап тұр (фото)

Ресейдің жойғыш ұшағы Сириядағы түрік әскерилерінің ғимаратын жарып жіберді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1405378-oralda-qysqy-demalysqa-kelgen-studen/