jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

БҚО-да әкімнің алдында ауылдың жағдайын айтқан студент ойда жоқта жұмысқа шақырылды (видео)

: UGC

Батыс Қазақстан облысы əкімінің алдында ауылдағы кадр мəселесін көтерген студент ойда жоқта жұмысқа шақырылды деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ.

БҚО-дағы Қаратөбе ауданы әкімінің есебіне жиналған жергілікті халық алдында Астанада оқитын студент сөз алып, ауылдағы кадр жетіспеушілігі мәселесін көтерді. Осылайша ол өзіне оқу бітіріп келгенде қызмет істейтін орын тапты.

"Мен ауылдық квотамен оқуға түстім. Осы ауылға қажетті кадрларды анықтап, ауылдық квотаның аясын кеңейтсе деген өтінішім бар. Шетелден білім алып келген жастар жоғары бағаланады. Алайда ауылда жұмыс істеген мамандар кез-келген саланың тармақ-тармағын меңгереді. Жан-жақты маман болып шығады. Мүмкін сол кезде жастар ауылға келіп жұмыс істер", - деді студент БҚО әкімі Алтай Көлгіновке ұсыныс білдіре отырып.

Облыс әкімі студенттің құлшынысын жоғары бағалап, егер сөзінде тұратын болса, оған жұмыс орны дайын екенін жеткізді.

"Өзің сияқты жастар оқып келіп құлшыныс білдірсе, әрине, қуанамыз. Егер шын мәнінде де сол айтқан сөзіңде тұратын болсаң, келетін болсаң бұл жерде саған жұмыс дайын", - деді Алтай Көлгінов.

Әкім жастарды ауылға тұрақтауға шақырды.

"Бірақ  келіп алып (ауылға - ред) қаланы сағындым деп жүрмеңдер"- деп әзілдеді жастарға облыс әкімі.

Тағы оқыңыздар:

Ресейлік әнші ел алдында "Қазақстанға түкіргенім бар" деп жар салды (видео)

Семейде сәбиін суға ағызып жіберген келіншек туыстарының үрейін ұшырып отыр (фото)

Шымкентте БМВ мінген бес жігіт жол полицейлерін ұрып тастады (фото)

Сиырдың үстіне мініп алған ер адам қызу талқыға түсті

Алтын бұйымдарды іш киіміне жасырған жерлесіміз ұятқа қалды

 

БҚО-да әкімнің алдында ауылдың жағдайын айтқан студент ойда жоқта жұмысқа шақырылды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.