Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Джеки Чанның жан досы болған қазақ туралы не білеміз?

Опубликовано:

Қазақтардың арасынан тұңғыш рет атағы әлемге әйгілі Джеки Чанмен жүздесіп, дидарласу бақытына ие болған Димаш Құдайбергенов десеңіз, қателесесіз. Танымал актермен суретке түспек түгілі, иық тірескен достарының бірі болған қазақ - суретші Бексейіт Түлкиев болатын.

Ол тек суретші ғана емес, атақты спортшы да болған: карате, у-шу, таэквондо шебері, осы спорт түрінің Қазақстандағы федерациясының тұңғыш президенті әрі қара белбеу иесі екенін көп жастардың біле бермесі анық.

Бексейіт өмірден өткенде бар-жоғы қырық үш жаста болатын. Қазақтың хас батыры Мұстафа Өзтүрік пен Джеки Чанның жан достары болған Түлкиев өнер мен спортты теңдей ұстады.

Бірде жазушы Асқар Сүлейменов «Парасат» журналында жұмыс істеп жүрген кезінде көк базардың жанындағы баспасөз үйінің баспалдағынан төмен түсіп келе жатады. Ұлты славян қос бұзақы жігіт адам қарасы жоқтығын пайдаланып, Асқардың үстіндегі курткасына қызықса керек, дереу шешіп алмақ болады.

Ол аңтарылып тұрғанда, құдай жарылқап, Бексейіт жоғары көтеріліп келе жатады. Бірдеңені іші сезе қойған Бексейіт: Асеке, мыналарың кім?, - дейді. Сол кезде Сүлейменов айтып үлгермей жатып, қос жігіттің жерде жайрап жатқанын бір-ақ көреді. «Ойпырмай, Бексейіттің жылдамын-ай!» - деп, Асқар Сүлейменов жырдай етіп айтып жүрді дейді.

Тағы оқыңыздар:

Шымкенттік әнші Маржан Тұрлыбаеваны бауырына басып, кейін үйінен қуып жіберген (фото)

Ақтөбелік имамдар байлар берген садақаны ысырап қылып, көліктерді қиратуда (фото)

Алаяқ қызға арбалып, жұмысынан қуылған шенеунік 500 мың теңге сұрап отыр

Ахметов ісі бойынша сотталған тағы бір адам бостандыққа шықпақшы

Аша Матайға дейін Арман Қоңырдың жүрегін жаулаған ару кім? (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1410535-dzheki-channynh-zhan-dosy-bolghan-qazaq-tur/

pixel