Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаралы үйге аяқ киіммен кірген қорғаныс министрі мен облыс әкімі сынға қалды (фото)

Жарияланған күні:

Қар көшкінінен көз жұмған сарбаздың қаралы үйіне бас сұққан Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев пен қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов елдің сынына қалды. Танымал журналист Серік Абас-Шах оларды қайғыдан қан жұтып отырған отбасының шаңырағына аяқ киімімен кіргеніне наразылығын жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Жуырда ел жұртшылығы бүкіл қазақ елінің қабырғасын қайыстырған қазаның куәсі болды. Жамбыл облысында болған қар көшкінінен жеті сарбаз көз жұмған болатын. Беймезгіл келген ажалдың аузында кеткен сарбаздың бірінің үйіне бас сұғып, көңіл айтқан облысы әкімі мен қорғаныс министрі сынға қалды. Шенеуніктердің үйге аяқ киімін шешпей кіруі ел жұртшылығының наразылығын тудырған.

Танымал журналист Серік Абас-Шах Instagram желісінде арнайы пост жазып, олардың бұл әрекетіне қатысты пікір білдірді.

"Қорғаныс министрі мен Жамбыл облысының әкімі қар көшкінінде боздағынан айрылып қалған отбасының шаңырағына кіріп, көңіл айтыпты. Фотоға назар аударыңыз: Екі дөкей үйдің төріне аяқ киімін шешпей шығыпты.

Министр С. Жасұзақов пен әкім К. Көкірекбаев бөтен үйдің табалдырығын аттағанда аяқкиімін неге шешпеген?

Жауап нұсқалары:

1.Олар өз үйінде де аяқкиіммен жүреді.

2.Екеуінің де "нәскилері" жыртық.

3.Олар екі түсті "нәскилерінен" ұялғансып отыр.

4.Бұлар ұйықтағанда да аяқ киімін шешпейді.

5.Олар өздерін европалықтар сияқты сезінеді.

6.Олар өздерін кезекті бір жиынға келгендей сезінуде.

7.Бас киімдерін шешкеніне де шүкіршілік.

8."Аяғы жаман төрді былғар..."", - деп өз ойын ащы әзілмен жеткізді ол.

Оның бұл жазбасына көптеген желі қолданушылары қолдау білдіріп, шенеуніктердің әрекетін сынап тастады.

"Адам баласы дүниеге келгенде жалаңаяқ келеді, кететін кезде де солайымен кетеді...", " Мен қайғырып отырған отбасына сабыр тілеймін, иманды болсын", "Министр деп сыйлап аяқ киімін шешкізбеген шығар ауыл тұрғындары. Министр аяқ киімін шешіп киіп тұрғанын ауыл тұрғындары ұят болады деп есептеген шығар", - деп жазды желі қолданушылары.

Ескерту: Серік Абас Шахтың жазбасы еш өзгертілмеген күйінде жарияланып отыр.

Тағы оқыңыздар:

Ішкі істер органдарындағы ең сұлу қызметкерді таңдаңыз (фото)

Қазақстандықтарды жаңа медициналық сақтандыру жүйесінде не күтіп тұр?

65-ші жылғы сыныптас қыздардың WhatsApp-тағы әңгімесі желіні жарды (фото)

ОҚО-да үйлену тойына келе жатқан жас жұбайлар қар құрсауында қалып қойды 

27 жасында бес баланың анасы атанған келіншек бақыттың не екенін айтты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1417199-qaraly-uyge-ayaq-kiimmen-kirgen-qorghan/