Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетелдіктер ЭКСПО-2017 павильондарының құрылысына төмен баға берді

Опубликовано:

Шетелдерден келген делегация Астанадағы EXPO-2017 нысандарымен танысты. Италия өкілі атриум фасадына қанағаттанбаса, Кариб аралдарының комиссары кеңселердің жоқтығына налыды. Бұл туралы NUR.KZ порталы NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Астанадағы халықаралық «ЭКСПО» қатысушыларының жиынында көрме нысандарының салынуы мен жобасына қатысты есеп берілді. Шетел өкілдері аймақтың сипаттамаларымен, павильондардың ауданымен, тіпті фасадымен танысып шықты. Алайда, кей комиссарлар салынып жатқан нысандарға көңілі толмайтынын байқатты.

«Біз екі күн бұрын фасадқа таң қалдық. Себебі, бұл біздің дизайн емес. Не күтуге болатынын түсінгіміз келеді. Біздің сұрауларымызға сәйкес келгенін қалаймыз. Қазіргі уақытта аздап әбіржіп тұрмыз. Мен атриумның сыртқы фасадын айтып тұрмын. Біз сіздерге өз дизайнымызды береміз, ал одан әрі не болып жатыр?», — дейді Италия өкілі.

Кариб аралдарының комиссары да әріптесін қолдай кетті. Оған делегацияның кеңсесі болмайтыны ұнамаған.

«Біздің екінші қабатта кеңсеміз болуы керек еді. Жақында ғана кеңсеге арналған екінші қабаттың жоқ екенін кездейсоқ біліп қалдық. Не болып жатыр? Бізде павильондар бар, бірақ кеңселер жоқ. Бұл өте тиімсіз. Бізге кеңсе керек», — деп ренжіді комиссар.

Ватиканнан келген өкіл де көрме ұйымдастырушыларын сұрақтың астына алды.

«Сіздер кеңсеге қандай да бір қабырғалар қоясыздар ма? Кеңсе есіктеріне қатысты қандай да бір ережелеріңіз бар ма? Біз кілттерді қайда сақтаймыз? Кеңсеге кіру мүмкіндігін қалай аламыз? Сұрақтар көп. Бізге бірлесіп жұмыс істеу үшін сіздердің көмектеріңіз қажет. Сіздер бізбен тікелей байланысқа шығып, біз мән-жайды сұрап-білуіміз керек» — дейді ватикандық өкіл.

Ұлттық компания өкілі көрме қатысушылары әкімшілік кеңселермен қамтамасыз етілетініне сендірді.

«Өкінішке қарай, барлық ел өз қызығушылығын растамағандықтан, біз презентация кезінде бұл мәселені түсінбедік. Ұйымдастырушы ретінде біз сегментация сызығымен қамтамасыз етеміз, қатысушылар қабырғаны құрастыруы тиіс... Кілтпен қамтамасыз етуге қатысты сауалды өзге департаментке жолдаймыз. Ол жерде біздің сұрақтарға жауап беруі керек», — дейді ұлттық компания өкілі.

Тағы оқыңыздар:

Бақытбек Есентаев Баянға опасыздығы үшін қол көтергенін мойындады

Қазақстандық спортшылар Дмитрий Баландинді сотқа бермекші

Ішкі істер органдарындағы ең сұлу қызметкерді таңдаңыз (фото)

Қайрат Нұртас аузына түкірген қыз жұлдыз болып келе жатыр (фото)

Алматы қаржы полициясының бұрынғы басшысы 14 жылға сотталып кетті

65-ші жылғы сыныптас қыздардың WhatsApp-тағы әңгімесі желіні жарды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1417481-italiyalyqtardynh-expo-2017-pavilondarynan-k/

pixel