Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

34 жастағы ақтөбелік келіншек оныншы баласын дүниеге әкелді (фото)

Жарияланған күні:

Айсәуле Сатыбалдиева - Ақтөбе облысындағы көпбалалы ең жас ана. 34 жастағы келіншек жақында өзінің оныншы перзентін дүниеге әкелді деп хабарлайды Диапазон басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.

Осыдан үш жыл бұрын Айсәуле өзінің жары Серік Бәйдешовпен бірге Алға ауданынан көшіп келіп, 8 баласымен бірге газ бен су жоқ жалдамалы пәтерде күн кешті. Ал, қазір олар күйеуі жүргізуші болып жұмыс істейтін "Автопарк" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі "Жаңақоңыс" кешеніндегі үйлердің бірінде тұрып жатыр. Дегенмен де, көпбалалы ана мемлекеттің назарына ілігіп, жекеменшік үйге қол жеткіземін деп үміттенеді.

Қазіргі таңда Айсәуле мен Беріктің отбасында 6 ұл мен 4 қыз өсіп келеді. Олардың ең үлкенінің жасы - он алтыда болса, ең кішкентайына әлі қырық күн толмаған.

"Ұлымыз - біз үшін нағыз мерекелік сыйлық болды. Жақын күндері менің туған күнім, одан кейін жұбайым да бір жасқа ұлғаяды. Ал, жақында дүниеге келген сәбиімізді 8 наурыз күні қырқынан шығарамыз", - деп ағынан жарылды 34 жастағы ана. 

"Әрине, жас болғандықтан оныншы баламды дүниеге әкелу мен үшін оңай болған жоқ. Бүйрегім ауыратын. Жүктіліктің сегізінші айында тіпті жиі сырқаттанатын болдым. Қатты алаңдап, перзентханаға баруды жөн санадым. Құдай қолдап ол жақта жас акушер гениколог Назгүл Оңғарбаева күтіп алып, мені өз бақылауында ұстады. Толғағым келген күні де сол дәрігер босандырып алды. Оған айтар алғысым шексіз", - дейді Айсәуле.

Көпбалалы ананың айтуынша, "Алтын алқа" марапаты оған атақ пен жәрдемақыдан басқа ештеңе бермейтін көрінеді.

"Кіші ұлымның атын күйеуім өзі Сәулет деп қойды. Басқа балалырымыздың есімдерін туысқандарым қойған, сол себепті осы сәбиімізге ат қоюды өзіне жүктеді. 

Көпбалалы аналарға деген қоғамның көзқарасы қандай екенін білемін. Алайда, мен оларға мән бермеймін. Қазіргі басты мақсатым - балапандарымды аяққа тұрғызып жіберу", - деп түйіндеді сөзін 34 жастағы жас ана Айсәуле Сатыбалдиева.

Тағы оқыңыздар:

Мектеп бітіргендеріне 20 жыл болған сыныптастар ұстаздарын қажылыққа жіберді

Қар көшкінінен қаза тапқан сарбаз өзінің Отан үшін шейіт болатынын сезіп кеткен (фото)

Алтын жалатылған көліктер мен тікұшақ: Еліміздегі бай-бағландардың тойы қалай өтеді?

Еліміздегі банктердің бірі кредитін төлей алмаған отбасының қызын тартып алмақ болған

Арбаға таңылған аруды алып қашқан жігіт оны алақанына салып, аялап отыр (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1419105-34-zhastaghy-aqtobelik-kelinshek-onynshy-ba/