Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сегіз рет тұрмысқа шыққан Алматы тұрғыны тағы да ажырасып жатыр

Опубликовано:

Алматы тұрғыны Екатерина (есімі өзгертілді) сегіз рет тұрмысқа шығып үлгерген. Ол бүгінде тағы да ажыраспақ ниетте деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Қара той көйлегі

"Осынша рет тұрмысқа шығуыма алғашқы некемнің сәтсіз болғаны себеп деп ойлаймын. Мен ол кезде 19-да едім. Жігітім барына қарамастан, оның досы қыр соңымнан қалмады. Ол менен бірнеше жас үлкен. Ақыры ол ұсыныс жасағанда келісе салдым. Таңертең топырлап құдалар келді. Той жасадық. Менің той көйлегім қара түсті болды.

Көп ұзамай бұрынғы жігітімнен күйеуім түрмеде отырып шыққанын білдім. Ол маған бұл туралы тіс жармаған. Бұл шындықты жасырғанын көтере алмай, жүкті болсам да ажырасып кеттім.

Әскерге барудың орнына неке қию

Екінші күйеуім маған әскерде борышын өтеуден қашу мақсатымен үйленді. Оған шақыртулар келе бастады. Ал менің балам бар болды. Бұл оған уақыт соза тұруға жақсы мүмкіндік еді. Мен оны бала кезімнен танитынмын. Жақсы дос болатынбыз. Алайда жақсы ерлі-зайыптылар бола алмадық. Көп ұзамай тағы да ажырастым.

АХАЖ-дағылар мені танып алған, "осымен нешіншісі" деп әзілдеп жатады. 

Анам төсек қатынасымыз кезінде қасымызға келіп алатын 

Ал 17 жасқа үлкен күйеуіммен үйдегі ақ қабырғалар үшін ажырасып кеттім. Мен ақ қабырғаларды жек көремін. Үй жөндеуі кезінде біз сол үшін қатты ұрсысып қалатынбыз. Онымен де ажырастым. Алайда достық қарым-қатынасымызды сақтап қалдық.

Ақыры мен жаңа күйеулеріме некеде ұзақ бола алмайтынымды бірден айтатын болдым. Дегенмен олардың бірімен ажыраспауым әбден мүмкін еді. Анасы араласпағанда. Біз некемізді қиғанда, енем біздің үйге көшіп келді. Ол түн ортасында төсек қатынасымыз кезінде қасымызға келіп алатын. Төсекті айналшықтап, күйеуімнен бәрі жақсы ма деп сұрайтын. Сол кезде жақсылап жауап бергім-ақ келетін.

Анасы, тіпті күйеуімнің бауыры мен көңілдесі біздің үйде көңіл көтеруі үшін үйіміздің кілтінің көшірмесін беріп қойған. Олар демалыс күндері үйімізге келіп алып, демалуымызға мұрша бермейтін. Өзімізге деп сатып алған бар азық-түлігімізді тауысып кететін. Ал анасы ұлының көңілдесімен және әйелімен бірдей сыпайы сөйлесетініне таң болатынмын. Ақыры мен көп ұзамай күйеуіме «сенің де бауырыңның үйіне барып тұру үшін кілтінің көшірмесін алмағаныңа кім кепіл?» деген сұрақ қойдым. Бұл ажырасуымызға себеп болды.

Келесі күйеуім тым жұмсақ адам еді. Менің мінезім ауыр. Ол болса, үйді де өзі жинай салады, тамақты да өзі пісіреді, маған бір рет те дауыс көтерген емес. Мен оның шыдамының шегін көргім келді. Әбден қытығына тие беретінмін. Көзіне шөп салмасам да түнгі үште үлкен гүл шоқтарымен үйге келіп тұратынмын. Ол мені күтіп алып, тамақ беріп, бір ауыз сөз қарсы келмейтін. Көз алдымда шыдап жүрсе де, күйіп жүргенін сезетінмін. Ол шыдамының шегін көрсеткенде, жағдай басқаша болар ма еді. Оның түбіне жеткенімді жақсы түсінемін.

Тоқал

Тағы бір күйеуім Астанадағы шенеунік болатын. Бастапқыда жарты жыл онымен бірге Астанада тұрып көрдім. Алайда ауа-райының суығына шыдай алмай Алматыға қайттым. Ол екі аптада бір рет келіп тұратын. Басқа әйелі барын жақсы түсінетінмін. Ол бар олқылықтары үшін қымбат әшекейлер беріп құтылатын. Бір жылдан кейін бір бойжеткен маған қоңырау шалатынды шығарды. Ол мені күйеуіңе ажырасуға мүмкіндік бермей жүрсің деп айыптай бастады. Мен оған "Күйеуімді ала бер" деп жауап бердім. Күйеуіме бұл туралы айтпадым.

Бір күні демалыста әлгі бойжеткен үйіме жетіп келді. Үйде бірнеше сағат жанжал болды. Мен күйеуіме ажырасуды ұсындым. Алайда ол әлгі бойжеткенді қуып жіберіп, менімен қалды. Айыбын жуып-шаю үшін маған жаңа «Ниссан Мурано» сатып алып берді.  Сонымен қатар мен оған көзіме шөп салған күні мен де көңілдес табамын деген шарт қойдым.

Одан кейін «Делика» сыйлады, сосын тағы бірдеңелер сыйлады. Өзі сондай бүлдіргіш адам болатын. Ал ажырасуымызға күйеуімнің әлгі бойжеткенмен қайта қосылғаны себеп болды. Ол маған қайта қоңырау шалып, мазамды қашырды. Ортақ баламызға мен әке атану құқын бермедім.

Қыздардың тұрмысқа шығуға асығатыны күлкілі

Бүгінде мен сегізінші рет тұрмыс құрғанмын. Бірақ қазір ажырасуға тағы да арыз беріп отырмын.

Мектепте оқушы кезімде өзім үшін бала туып аламын дейтінмін. Мұғалімдер ата-анамды шақырып, айтқан сөздерімнің бұрыс екенін түсіндірулерін сұрайтын. Бүгінде менің төрт балам бар. Барлық бұрынғы күйеулеріммен достық қарым-қатынас сақтап қалғанмын.

Кей кездері біз бәріміз бірге бас қосамыз. Бұрынғы күйеулерім бір-бірін жақсы таниды. Төртінші некеден кейін бұрынғы күйеулерім менің кезекті күйеуіме баға беріп, жиналатынды шығарды. Келесі той қашан деп әзілдесіп отыратын.

Ең ұзақ некем сегіз жылға созылды. Мен некеге жылы көзбен қараған емеспін, қыздардың тұрмысқа шығуға асығатыны маған күлкілі көрінеді.

Күйеулерімнен не үшін неке қиюға асығатынын сұрайтынмын, себебі азаматтық некеде де тұра беруге болады ғой? Олар менің өзге қыздарға ұқсамайтынымды алға тартатын. Өзімді модельмін деп айта алмаймын. Бірақ кей бұрынғы күйеулерім әлі күнге дейін өзгемен қайта некесін қиған емес. Ал екі күйеуім қайтыс болып кетті.

Тағы оқыңыздар:

Шымкентте сәбиін қоқыс маңына тастап кеткен әйелге медициналық көмек қажет

Түрмеде жатқан Бақытбек Есентаев өзін қолдаған барша жандарға алғыс айтты

2 жасар балаға таласқан әйелдердің ісін сот нақты шеше алмай жүр

Еліміздің жекелеген аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі

Қазақтың төл теңгесіне девальвация қаупі төніп тұр ма?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1425871-almaty-turghyny-segiz-ret-turmysqa-shygh/

pixel