Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Керім қыздар» атты арулар байқауы жарияланды

Опубликовано:

Құлпырған қыз-келіншектердің де мейрамына санаулы күндер қалды. Осы орайда ikerim.kz порталы «Керім қыздар» атты арулар байқауын жариялады, деп хабарлайды NUR.KZ.

Байқаудың мақсаты – қыз-келіншектерге мерекелік көңіл-күй сыйлап, елге елеулі нәзікжандылардың еңбегін халыққа жақынырақ таныстыру. Олардың құрамында, белгілі бір салада жетістікке жетіп, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген сұлу бикештеріміз, аналарымыз бар. Сайтта 7 номинация бойынша («Үздік ақын», «Үздік әнші», «Үздік актриса», «Асыл ана», «Үздік тележүргізуші», «Үздік блогер» және «Спортшы сұлу» ) таңдаулы бес арудан бақ сынап жатыр. Ал олардың арасынан үздіктерді көрермен дауыс беру арқылы анықтайды екен.

Байқаудың ерекшелігі сол, қатысушылардың жас мөлшеріне шек қойылмаған. Мәселен, олардың ең жасы – волейболшы Сәбина Алтынбекова болса, ең үлкен қатысушы – халықтың сүйікті әншісі Сәкен Майғазиевтің анасы Ұлтай апа. Дәл қазіргі дауыс нәтижелері бойынша, «Асыл ана» аталымының қатысушысы Ұлтай апа танымал деген әнші, актрисалардың алдында келеді.

«Спортшы сұлу» аталымында Назым Қызайбай көш бастап тұр. Ал «Үздік ақындар» қатарынан Жансая Мусинаны халық жоғары бағалап жатыр екен. Халыққа танымал әншілер мен актрисалар да бір-бірінен қалыспай келе жатыр, дәл қазіргі уақыттағы көрсеткішке сенсек, Жанар Дұғалова ең жоғары дауыс жинап тұр. Ал актрисалардың ішінде Салтанат Бакаева мен Гүлназ Жоланова алғашқы орындардан көрініп отыр. Бұл көрсеткіштер әлі өзгеруі де мүмкін. Өйткені байқаудың аяқталуына бір апта бар.

Сіздің де өз таңдауыңызды жасау мүмкіндігіне иесіз, ол үшін мына сілтемеге http://ikerim.kz/ratings/ кіруге немесе ikerim.kz сайтының басты бетіндегі «Керім қыздар» байқауы» атты баннерге өтуге болады.

Сайттың хабарлауынша, дауыс беру 8 наурыз күні кешкі сағат 24:00-де тоқтатылып, қорытындысы 9 наурыз күні жарияланады. Сондай-ақ, жеңімпаздар ikerim.kz ұсынған марапатқа ие болмақ. Біз де өз кезегімізде қатысушыларға сәттілік тілейміз.

Және барша аруларымызды келе жатқан мерекемен құттықтаймыз!

Тағы оқыңыздар:

ШҚО-да сержанттың нөміріне бірлік салмағаны үшін таяқ жеген сарбаз ес-түссіз жатыр (фото)

Сапарбаев кореялық хирургтарға 80 мың доллар тұратын отаны  қалай тегін жасатты?

БАҚ: Алтай Әбибуллаев орысша сөйлемегені үшін қызметінен қуылған

Димаш Құдайбергеннің фанаттары әншінің науқас екенін мәлімдеді

Роналду соңғы он жылда 457 гол соққан

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1427961-kerim-qyzdar-atty-arular-bayqauy-zha/

pixel