Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2,5 млрд теңге жымқырған Алматы метросының бұрынғы басшысы рақымшылыққа ілінді

Жарияланған күні:

Алматы метросының бұрынғы директоры Мұрат Өкшебаевқа рақымшылық жасалды деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Қорғаушы "Қызметтік құзыреттілігін асыра пайдалану" бабы бойынша айыпталған сотталушының ісін "Қылмыстық жолмен келген ақшаны заңсыз жолмен ресмилендіру" бабына ауыстыруды сұрады.

Сонымен қатар, айыпталушының қорғаушысы Өкшебаевтың тәркіге алынған екі пәтер, гараж, үй және құрылыс нысандары мен жерлерін тәркіленген мүліктер тізімінен алып тастауды сұрады.

Қылмыстық істі қарау басталмастан бұрын қорғаушы Жұмағалиев шағымдық инстанциясын кері қайтарып алды. Сонымен қатар, аталмыш қаулыда Өкшебаев рақымшылыққа іліккені және жазаның өтелмеген бөлігі қысқартылғаны айтылған.

"Алматы облысының Қапшағай қалалық сотының 2017 жылғы 31 қаңтарда шыққан "Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай енгізілген рақымшылық заңына байланысты" айыпталушы М.Т. Өкшебаевтың жазасының өтелмеген бөлігі қысқартылды. Бүгінгі күнде 7 жыл 7 айды құрайтын жаза мерзімі, 3 жыл 9 ай 15 күнге қысқартылды", - делінген қаулыда.

Еске сала кетейік, 2015 жылдың 17-ші шілдесінде Алматы метрополитенінің бұрынғы басшысы Өкшебаев сотталып, оның 4 пәтері мен жер учаскелерін құрайтын мүлкі тәркіленген болатын.

2015 жылдың желтоқсан айында оның ісіне қатысты үкім шығып, 9 жыл бас бостандығынан айырылған.

Тағы оқыңыздар:

Келесі жылдан бастап әйелдердің зейнет жасы көтеріледі

Димаш Құдайберген Селин Дионның әнін орындап, 2-орын алды

Үшінші мәрте тұрмыс құрған Ақбота Керімбекова елге сүйіктісін көрсетті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1434353-25-mlrd-tenhge-zhymqyrghan-almaty-metrosyn/