Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентке келін болудың 5 артықшылығы қандай?

Жарияланған күні:

«Енелері келінін құлындай көреді», «келін болу – бостандығыңнан айырылу», «шымкентский келін – жабайы»...  Ел арасында Шымкентке келін боп түссең, өмірің «тозаққа» айналады деген ұғымды санасына сіңіріп алғандар әлі де азаймай тұр. Неліктен?

Осы ретте NUR.KZ порталы Шымкентке келін болудың негізгі  артықшылықтары мен пайдасы туралы ізденіп көрді.

Сәлем салу. Бұл келінді келін екенін аңғартатын іс-әрекет. Сол себептен сәлем салу – әбестік емес, тәрбие мен құрметтің белгісі. Мойындау керек, Шымкентте де кейде сәлем салмайтын келіндер бар. Ондайларға кейбір ата-ене өз рұқсатын беріп қойған.

Таң атпай жатып аула сыпыру. Үйді таза ұстау – барлық келіннің міндеті. Демек, ауланы тек шымкенттік келіндер ғана сыпырмайды және де Шымкенттің барлық келіндері таң атпай ерте тұрып, іске кіріседі деген қате ұғым. Дегенмен «Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық» деген де бар.

Пысықтық. Шымкентке келін болған жан пысықтықты үйренеді. Оған тағы қонақжайлылықты қосыңыз. Тағы бір айта кетерлігі, кейбір енелер келіндерімен үнемі ақылдасып отырады. Яғни, келін – ененің оң қолы.  

Келінді құлдай көру. Шымкентке келін атану – құл болумен тең деп жатады. Шынындай ондай емес. Үй шаруаларын жасау – ешқандай құлдық емес. Өзің келін боп түскен шаңырақтың тазалығын сақтап, ас-ауқатын әзірлеп, отбасы мүшелеріне құрметпен қарау – нағыз бақыт.

Әмбебап келін. Тек үй жинап, тамақ әзірлеу емес, жан-жақтылықты үйренесің. Қаладағы кейбір енелер баланы бесікке бөлемек түгілі, немереге дұрыс тәрбие берудің жолдарын да білмейді. Ал шымкенттік енелерден  үйренер көп. Айтпақшы, Шымкентте көп енелер келін түсірерде бірінші кезекте «қай жақтың қызы екен?» деп сұрайды. Өйткені сырттан келген қыздың салт-дәстүрді берік ұстанған және өзіндік тәртібі қалыптасқан ортаға сіңісіп кетуі қиынға соғады. Бірақ та «ененің мектебінен» өткен кез келген келін оңай үйреніп кетеді.

Қысқасы, Шымкентке келін болу – ешқандай да жабайылық емес. Олар да өзгелер секілді заманнан қалмайды. Сәнді киім, өзін күтіну, теңдік,  тағысын тағы... 

Тағы оқыңыздар:

Алматыда тоғыз жасар қызды жездесі мен нағашы атасы қорлап келген

Отбасылы жігітпен төсектес болған бойжеткенді ел алдында масқаралады (фото)

Ақтөбелік ананың келін-баласы үшінші сәбиін Сирияда дүниеге әкелді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1436172-shymkenttik-kelinninh-5-artyqshylyghy/