Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Хабар" арнасында жаңа караоке-шоу басталды

Опубликовано:

«Хабар» арнасы көктемгі маусымнан бастап «Кел, шырқайық!» деп аталатын ойын-сауықтық жобасын экаранға шығармақ.

Қазақтың ұлы ақыны Абай «Құлақтан кіріп бойды алар, жақсы ән мен тәтті күй» деп музыка құдіретін, оның адамзат үшін маңызын жыр жолдарына қосты. Ал, ел ішіндегі «әу демейтін қазақ жоқ» деген сөз , кез келген қазақтың әнге жақындығын, осы өнерге әуестігін білдірсе керек. Тіпті XVIII-XIX ғасырлардың өзінде дархан даламызға келген саяхатшылар жергілікті халықтың суырып салмалық өнерге бейімдігі, «еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін» барлық адамдардың музыкаға жақындығын байқаған. Содан бері жүздеген жылдар өтседе қазақ халқы үшін музыка мен ән әлі күнге дейін қасиетін жоғалтқан жоқ.

Күнделікті жиын-тойда, достар мен туыстар бір дастарханда бас қосқандағы біздің сүйікті ісіміз - ән айту. Әсіресе, соңғы кездері жастар караокеге барып, әуелете ән шырқағанды ұнатады. Осыны ескере отырып «Хабар» арнасы жаңа маусымда жаңа жоба әзірлеуде.

«Кел, шырқайық!» - жаңа телевизиялық жобасында әртүрлі жастағы өнер иелері караокеде ән айтып жарысады. «Бұл байқаудың әр бөліміне алты адам қатысады. Олар үш кезең бойы бір-бірімен ән айтып сайысқа түседі. Бірінші кезеңде қатысушы жеке дауыста ән орындаса, екінші кезеңде дуэт құрамыз. Жұптар сахнада арнайы компьютерлік бағдарламаның көмегімен анықталады. Ән айтып болған соң, дауыс беру аппараты арқылы залдағы көрермендер мен қатысушылар бір-біріне дауыс береді. Қатысушылардың бір-біріне дауыс бергені өте қызық. Себебі көздеріне мақтап, дауыс берген кезде өте төмен бал қоюы мүмкін» - дейді жоба продюсері Сергей Руцкий.

Ақтық кезеңге бірінші орын алған жұппен, екінші орынға шыққан жұптың біреуі таңдалады. Олар өздерінің ең сүйікті әндерін орындайды, бастысы өз репертуарынан болмауы керек. Продюсердің айтуынша олар жобаны түсірмес бұрын арнайы зерттеу жүргізіп, халыққа жақын 500 жуық әнді жинақтаған.

- Караоке аппаратында барлығымызға жақсы таныс туындылар бар. Әндерді жүктемес бұрын біз Қазақстандағы караоке мекемелеріне барып, «халық қандай әндерді айтады?» деп зерттеу жасадық. Соның нәтижесі бойынша үздіктері таңдалды. Сахнаға шыққан орындаушы қандай ән айтатынын білмейді. Сол себепті жоба шынайы, жанды дауыста өтеді».

Осы маусым қазақ эстрадасының жұлдыздары, актерлер мен жүргізушілердің қатысуымен өтеді. Сайыс қызықты болуы үшін оларды топтарға бөлген. Мәселен, алғашқы шығарылымда «Жалындаған» жастар бақ сынаса, екінші түсірілімде «Жетістікке жеткен» жастар, кейін қыздар мен жігіттер бір-біріне қарсы шығатын бөлімдер көрсетіледі. Сондай-ақ «Топ құрамынан» кеткен адамдар да өзара жарыспақ. «Алыптар» деп аталатын бөлімге Роза Рымбаева, Жеңіс

Ысқақова сынды елімізге еңбегі сіңген, баршаға танымал әртістер қатысады.

- Жобаға тағы актерлер және «Хабар» телеарнасының жүргізушілері қатысады. Мен үшін актерлеріміздің ән айтқаны жаңалық болды. Олар өте әдемі орындаушы екен, тіпті кейбір әншілерден де жақсы орындайды десем болады. «Хабар» арнасының жүргізушілері де жақсы өнер көрсетті. Қызықтың барлығын алдағы уақытта көресіздер», - деді продюсер.

Байқауда заманауи, әлемдік, 90 жылдардағы, халық әндерімен қатар, кинохиттар және балалар әндері орындалады. «Кел, шырқайық!» жобасын 26 наурыздан бастап әр жексенбі «Хабар» арнасынан тамашалаңыздар!

*PR құқында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1443003-khabar-arnasyda-zhanha-karaoke-shou-basta/

pixel