Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сүйікті ана немесе ашулы дұшпан: Қазақ келіндері енелеріне қандай көзқараста?

Опубликовано:

Келін мен ененің қарым-қатынасы туралы тақырып қоғамда әрдайым өте актуалды. Бүгінде енесіне қызындай болып кететін қыздарды өте сирек кездестіресіз, өз кезегінде жас отбасына "қарсы шығатын" енелер де аз емес.

Бір азаматтың  анасы мен әйелі, яғни екі бірдей қымбат жанның  арасындағы қарым-қатынас ойдағыдай бола бермейді, кей үйде мұның соңы үлкен даумен аяқталады. Келіні енесінің бетіне қайнаған су шашты дегенді де естіген кездер болды.  Өз балаларының жарына қазіргі енелердің қалай қарайтыны туралы  NUR.KZ тілшісіне бүгінгі  қазақ келіндері айтып берді.

Гүлнардың тұрмыс құрғанына 11 жыл болыпты. Осы уақыттың бәрінде әр түрлі себептермен енесі екеуінің арасында түсініспеушіліктер жиі орын алған. Басында жас келінді енесі қызым деп атап, бәрі тәуір басталған.

Отбасында татулық пен тыныштық болады деп сенген жас отбасы сәбилері дүниеге келген соң, баланың қырқына дейін ата-енесінің үйінде тұрады. Бірақ сәбидің денсаулығына байланысты олар өздері жоспарлаған мерзімнен көп уақытқа қалады.

«Мен қырық күннен кейін бөлек шығамыз деп ойлағам, бірақ енем бала ауру,  жүйке ауруына шалдыққан, сен оны өлтіресің деді, мен шынымен де балама ауыр болады деп қорықтым.

Осылайша біз онымен жарты жыл тұрдық, күйеуіміз екеуміздің арамызда келіспеушіліктер пайда бола бастаған соң, біз жеке шығуға шешім қабылдадық»

Біздің бөлек шығатынымыз енеме ұнамай, ұрыстың көкесі басталды.

«Балам бір жасқа толмайынша, мен үйде отырдым, енем күйеуіме:"Біз үлкен үйдеміз, баланы әкеліп тастап, жұмыс істеңдер" деді. Балама он ай толысымен, ол баласына менің жұмысқа шығуым керек екенін айта бастады.

Нәтижесінде баламды енеме беріп, жұмысқа шықтым. Осы кезде тағы жаңа проблема шықты.  Гүлнардың айтуынша, енесі баланы өзінікі деп санап, туған анасын атымен атасын дегенді шығарған.

"Осы уақытта мен өкпемді айта бастадым. Менің оған қайдағы тәтемін, қайдағы тәте, мен оның анасымын. Ана - жалғыз, ал сіз әжесіз.

Мен бірде келсем, баланың көзі қабынған. Мен басында оны бір жерге соғып алған болар деп түсіндім.

Күйеуімді қарсы қойып қойған, ол анасының дәрігер екенін айтып, айқайлады. Баламның көзін тексерсем, көзі +8! Мен өзімді жек көрдім, себебі мен баламды тастап кеттім.

Қазір ол бізбен тұрады. Біз оны алып кеткенде енем жылап, күйеуім болса алғысы келмеді. Ол баламыздан алыстап кеткен. Қайнымның әйелі баласын әкелген соң ғана, енем сабырға келді.

Осылайша Гүлнарға деген енесінің өкпесі күн сайын артпаса, кемімеген.

"Біз көп сөзге келмейміз. Маған балаға ұрысқандай ұрсады. Мен өзімдікін айта бастасам, "көршілердің келінін қара" деген салыстырулар басталады.

Ол абысыным екеуміздің татулығымызға да қарсы. Біз бірігіп, өсек айтады деп ойлайды. Тіпті, бір күні күйеуім екеуміз ұрсысып жатқанымызда, енем мені үйден қуып шықты" дейді.

Назгүлдің оқиғасы да осыған ұқсас.

«Тұрмыс құрғаныма 18 жыл болды, бірақ бұл ұрыс екі жылға созылды Көбіне жүйкемді тоздырмау үшін  сіздікі жөн дей саламын. Ұрыс бола қалса, енем өз баласын жақтайды", - дейді Назгүл.  Ал күйеуі болса мұндай ұрыста бейтарап болуға тырысады екен.

Тағы оқыңыздар:

Головкиннің нокауттар сериясы аяқталды

"Астана арландары" ресейлік боксшыларды тізе бүктірді

Адасқан бүлдіршінді тапқан студенттерді полицейлер айдалаға тастап кеткен

Димаш The Singer жобасының тоғызыншы кезеңінде қалай өнер көрсетті? (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1443966-suyikti-ana-nemese-ashuly-dushpan-qazaq/

pixel