Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа Мегаға ағылған астаналықтарды жұрт құмырсқаның илеуіне ұқсатты (фото)

Опубликовано:

Өткен демалыс күндерінде Астанада жаңа Mega Silk Way сауда орталығы ашылды. Мұны естіген жергілікті тұрғындар орталыққа ағыла бастады деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл демалыс күндерінде сауда орталығына ағылған тұрғындардың санына шек болмады.

Ресми ашылу сағат 18.00-де болып, жиналған халық 22.00-ге дейін тарқаса қоймады. Орталықта отырып демалғанға бос орын табу мүмкін болмады.

«Бұл жерге ағылған жұрт барлық жерге толып кететін су секілді немесе құмырсқаның илеуі секілді көрінді», - дейді орталықта болған тұрғындардың бірі.

Көпшілік ашылу күні орталыққа бүкіл астаналықтар келді деп әзілдеп үлгерді.

«Бір қызығы, дүкендер мен кинода адам көп болмады. Тек орталықтың дәлізінде ине шаншар жер жоқ. Адамдар әрі-бері жүріп, тамақ жеумен болды», - дейді Әсел есімді тұрғын.

«Мен бұл ессіздікті түсіне алар емеспін. Өңірде қызықтайтын дүниелер аз болғаны соншалық, жұрт жаңа сауда ортылғына топырлап келуде... Мәдени демалыс осындай болуы тиіс пе?», - дейді өзге тұрғын Айгүл Шәріп.

Енді бірі, бұл жайттан кейін Астананы үлкен ауылға теңеді.

Тағы оқыңыздар:

Амангелді Айталы: Мектептегі мұғалімдердің 40 пайызы күйеуінен ажырасқан

Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Әнуар Нұрпейісовтен кешірім сұрады (видео)

Әлемнің әйгілі миллиардерлерімен көңіл жарастырған қазақ қызы туралы не білеміз? (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1446554-zhanha-megagha-aghylghan-astanalyqtardy-zh/

pixel