Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Элиталы жезөкше қалталы жігіттердің өздерін қалай қорлайтынын айтып берді

Опубликовано:

Алматының жоғары оқу орындарының бірінде «шығыстану» факультетін бітірген бойжеткен элиталы жезөкшеге қалай айналғанын  айтып, өзінің тағдырын қайталамауды сұрады. Бұл туралы ол NUR.KZ порталына айтып берді.

"Қазір Саин көшесі бойында кәрі әйелдер мен түрі нашар, өзіне қарамайтын көше жезөкшелері тұрады немесе олар арзан қонақ үйлер мен сауналарды жағалап клиент іздеп жүреді. Біз болсақ ондай "арзан" жерде жүрмейміз, арнайы отыратын орнымыз бар. Ол жерде қыздарды түрі мен фигурасына қарап алады. Және жасың отыздан аспауы тиіс. Онда күнде кешке жұмысқа барғандай барамыз. Әдемі көйлек, биік өкшелі каблук, кәсіби макияж, маникюр, педикюр мен прическаң болуы тиіс. Шет тілдерін білсең, жақсылап ән айта алсаң "ставкаң да" жоғары. Бізге келетін қонақтың көбі шетелдіктер. Біреуі бизнесмен, біреуі бір компанияның директоры.

Мұндағы қыздардың "Чайный" и "кофейный" деген екі түрі болады: "Чай" қыздар келген қонақтардың көңілін көтеріп, солармен бірге ішіп, ән айтып, би билеп, "счетты раскрутка" жасайтындар. Бұлар ары қарай интим қызмет көрсетпейді. Соған орай отырған бағасы да алты-жеті мың теңге. Көбіне мұндай жұмыстарды оқу ақысын төлей алмай жүрген студент қыздар істейді.  Бірақ,"чай" қыз ішімдіктен бас тартпауы тиіс.

"Кофе" қыздар — интим қызмет көрсетеді. Келген қонақ қыздарды өз қалауына қарай таңдайды. "Кофе" қыздар қонақтардың көңілін де көтереді, "счет раскруткасын да жасайды, ішімдікті де ішеді, ары қарай қонақ үйге де бірге кетеді. Олардың қызмет ақылары да жоғары.

Қалталылар ақшаңды толық бермейді, қыздармен қалай болса солай өктем сөйлеседі, кейде ақыл айтып, ұялтып, жылатып та жатады. Болмаса бір-біріне қарап "Мыналарды кейін балаларымыз келін-ғып әкеп тұрмасын", "Құдай оның бетін ары қылсын" деп көзімізше неше түрлі әңгімелер айтып жатады,- дейді дерекөз.

Бұл жұмыста үшінші жыл жүрген кейіпкеріміз оңай ақша табуға үйреніп алған соң, ол жерді тастай алмай жүргенін айтуда.

Алғаш "чай" болып бастағанмын, кейін "кофедегілердің" көп ақша табатынын көріп, солай қарай ауысып кеттім. Біздің арамызда банк пен ірі компанияларда, телевизияда, шоу-бизнесте жұмыс істейтін қыздар бар. Олар күндіз кәдімгі жұмыста отырады, кешке осы жұмысқа келеді. "Жирный клиент" тауып алсаң, мұнда келудің де керегі жоқ, жеке өзіне ғана барып тұруыңа болады. "Жоғарғы класстың" қыздары шет елде жұмыс істейді, ондайлар көбіне стюардессалар. Кейбіреуінің күйеулері жұмысқа өздері әкеліп тастайды, түнде қайтып алып кетеді. 

Бұл жұмыста бұрындары өзбекстандық қыздар көп болса, қазір қазақтың жап-жас қыздары қаптап кетті деген дереккөз, жасөспірім қыздардың арын саудаға салып, "пәктіктерін" сататынын да айтты.

Оқу ақысына ақша керек болған соң амалсыз осы жолға бардым деген кейіпкер, ондағы қыздардың көпшілігінің ажырасқан, кейбірінің әке-шешесінің жағдайларының мүлдем нашар екенін айтты.

"Біздің ортамызда тағдырлы қыздар көп, олардың бәрі де іштей өкініп, ар-ұят отына өртенеді. Маған сеніңіз, біздің ұйқымыз да, күлкіміз де тыныш емес. Біз бұл жолға жоқшылықтың кесірінен барамыз. Ал, ақшасы барларға не жорық?! Астанаға барғанда небір шоу-бизнесте жүрген келіншектерді көзімізбен көріп жүрміз. 

Оңай келген ақшаға үйренген соң, шығып кету мүмкін емес екен. Бұған бір кірген адамның шығып кетуі қиын,- деді есімін жарияламауды өтінген алматылық тұрғын.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Халықтан 300 млн жымқырған Храпуновтың қымбат вилласы қайда?

Қарағанды облысында 13 адам мінген УАЗ көлігі суға батып кетті (фото)

Астраханьда іздеу салынған Қазақстан тумасы Атыраудан табылды

Ақтаулық бойжеткен үйлену тойына Назарбаевты шақырды

Петербургте метроны жарып жіберген қырғыз жігіті туралы не білеміз?

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1456732-tanin-saudalap-aqsha-tabatyn-boyzhetke/

pixel