Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық қыздар "қызойнаққа" ерлердің жыныс мүшесі бар тортқа тапсырыс беруде (фото)

Опубликовано:

Бүгінде кез келген қыз өміріндегі маңызды оқиға - тұрмысқа шығуын есте қаларлықтай әрі ерекше етіп өткізгенді жөн санайды. Оның ең ерекше, ең қызықты идеяларын жүзеге асырып беретін арнайы компаниялар да жоқ емес. Ұзату мен үйлену тойын қойып, қазақстандық қалыңдықтар бүгінде қызойнақ, яғни henparty секілді кештерді жасауға әуес. NUR.KZ порталы осындай ойын-сауық кешіне қатысты бірқатар қызықты мәлімет ұсынады.

Қалыңдықтар арасында тұрмысқа шығар алдында тек қыздардың ғана басын қосып, отырыстар ұйымдастыру бүгінде кеңінен белең алуда.

Той алдындағы шығынның көлемін арттыратын мұндай шараларды еліміздің танымал тұлғалары да жарыса жасауда.

Ал "қызойнақтарды" ұйымдастырып, ондағы барлық майда-шүйдені ойдағыдай етіп жасайтын арнайы компаниялар қыздардың түрлі идеяларын, қыз ғұмырмен қош айтысудағы соңғы тілектерін іске асырып беруге уәде беруде.

Мәселен, алматылық компаниялардың бірі мынадай торттар жасап, қалыңдықтарды таңғалдыруда.

Осындай кештерді ұйымдастыратын Henpartyalmaty компаниясының өкілі Айнұр қалыңдықтар көңілді кештерді өткізу үшін 5 000-70000 теңге аралығында ақы төлейтінін айтады. Оның айтуынша, мұндай отырыстарға соншалықты көп қаражат кетпейді, қалыңдықтар той алдында көңіл көтеру үшін, құрбыларымен сырласу үшін, әдемі суретке түсу үшін ақша жұмсайды.

Ал отандық жұлдыздар болса одан көп қаражат кетіруге әзір дейді компания өкілі Айнұр.

Сонымен бірге, Айнұрдың айтуынша, бүгінде қыздар айрықша стильдегі "қызойнақтарды" көбірек сұрайды екен.

Мәселен, түріктің әйгілі "Сүлеймен сұлтан" телехикаясының кейіпкерлері секілді киініп, Хюррем сұлтан стилінде өткен отырыстар да болған екен.

Бүгінгі күні үнді стилінде өткізген кештер де сәнге айналған көрінеді. Одан бөлек, кешті полиция қызметкерлері форматында, түрлі мультфильм мен ертегі кейіпкерлерінің стилінде өткізу де сұранысқа ие.

Мұндай отырыстарға жасалатын шақыру қағаздары да айрықша болады. Іш киім, көйлек, жүрек түріндегі қағаздарды көптеп сатып алады екен.

Батыс елдерінде мұндай кештерге жиналған қыз-келіншек стриптиз қызметін ұсынатын жігіттерді ұсынуға әуес. Алайда Айнұрдың айтуынша, олар мұндай сұраныстарды қанағаттандыра алмайды екен.

"Жоқ, біз ондай қызмет ұсынбаймыз. Біз тек бөлмені әсемдеу, киімдерді, торттарды әзірлеумен айналысамыз", - дейді ол.

Дегенмен, компания өкілінің айтуынша, арнайы жігіттерді шақыруға құлықты қыздар да аз емес.

Айта кету керек, Hens party немесе Hens night ағылшын тілінен аударғанда "тауықтар кеші" деп аталады. Мұндай кештерді ұйымдастыру  Ұлыбритания, Ирландия, Австралия және Жаңа Зеландиядан бастау алған.

Бастапқыда Ұлыбританияда қыз-келіншектер жиналған кештердің барлығын осылай атаған. Кейіннен ерлер отбасын құрар алдында жиналуды шығарған соң, әйелдер де олардан қалыспай өз кешін өткізуді қолға алған.

Батысты мұндай кештерді өткізу 60-жылдары басталған. Бұл кезең феминистік көзқарастың белең алып келе жатқан кезіне тұспа-тұс келгенін де айта кеткен жөн.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Кезінде қара жұмыс істеген әлемге танымал жұлдыздар

Ақышев белгілі экономисті өзіне көмекші қылып сайлады

Желіде "лайк" жинау үшін екі млн ұрлаған әйел масқара болды

Қарағандыда суға ағып кеткен ағайынды жігіттердің мәйіті табылды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1458932-almatylyq-qyzdar-qyzoynaqqa-erlerdi/

pixel