Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда шоколадтың ішінен шыққан "ұятсыз" ойыншықтар жұрттың ашуына тиді (фото)

Опубликовано:

Қарағандыда шоколадты жұмыртқаның ішінен шыққан "ұятсыз" ойыншықтар жұрттың ашуына тиді. Бұл туралы NUR.KZ порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Анастасия Машнина - ойыншықтарды көріп, жағасын ұстағандардың бірі. Қарағанды тұрғыны бұл "ұятсыз" ойыншықтар бала психологиясына кері әсер етуі мүмкін деп санайды.

"Қыз бен ұлдың жалаңаш торт әзірлеп тұрғанын көрсететін ойыншықтар балаларға не береді? Неге олар жалаңаш? Тіпті жалаңаш бір-бірін сүйіп тұрғандары бар. Анасы бұл ойыншықтарға қатысты сұрақ қойған баласына не дейді?", - деп сұрақ тастады Машнина.

10 жасар ұлына осындай ойыншықтардың бірі түскеннен кейін Настя желіде жазба қалдырған. Оның ренішін құптағандар да, ойыншықтан еш әбестік байқамағандар да табылды.

Мамандар болса, кез кеген ұнатпаған тауардың үстінен шағым түсіруге болатынын алға тартты. Яғни, шағымнан кейін ойыншықтардың балаларға кері әсері бар-жоқтығы тексеріледі екен.

 

Егер оның кері әсері дәлелденсе, ойыншықтар сатылымнан алынып тасталады. Ал тәттілер шығаратын ресейлік өндірушілер әзірге үнсіз отыр. Дегенмен олар қажетті лицензия мен рұқсаттың барын алға тартқан.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Алматыда қайтыс болған студенттің өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Атыраулық атышулы полицей Манарбек Өтеуов тағы да сотталды

Астанада жаяу жүргіншіні көлік қағып өлтірді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1464225-qaraghandyda-shokoladtynh-ishinen-shyqqa/

pixel