Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде 63 жастағы әжейді күйеубаласы алдап соғып, пәтерін тартып алған (фото)

Опубликовано:

Семейде 63 жастағы Рысжан Қоңырқызын өз күйеу баласы алдап соққан. Ол енесінің алғашқы инсульт алған кезін сәтті пайдаланып кеткен. Төсек тартып, аяқ-қолы тартылып жатқанда анасының қайтыс болғаны да Рысжан Қоңырқызын есеңгіретіп тастаған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

«Оң жағым түгел тартылып жатты. Аузыма су тамызып жүрген шешем үшінші күні көз жұмды. Мен бұл кезде қатты әлсіреп қалған болатынмын. Амалсыз күйеу балам мен қызымның қолына бардым. Бәрі содан басталды. Сол кезде үйіңізді немереңіздің атына аударып беріңіз деп күнде қолқа сала бастады. Алғашында мен бұған көнбеген едім. Қайта-қайта айта берген соң немеремнің атына баспанамның құжатын әзірлеттік», - дейді Рысжан Қоңырқызы.

Ол кезде ана жүрегінің қалауы басқа болған екен. Ол қос баласының бір үй үшін шаңырағының шайқалмауын тілеген. Сондықтан жиеніне сенім хат жазып беріпті.

«Үйді жиеніңізге беріңіз. Қызыңызда бар ғой», - деді. Тіпті, өзі нотариусты да әзірлеп қойған екен. Маған жол бойы баспананы сыйға беретінімді айтып барды. Ақыры арманына жетті. Көп ұзамай мен де жазылып үйіме қайттым. Артымнан күйеу балам келіп, ақша табамыз деп бар дүниемді жинап тастады.  Сөйтіп үйімді сағатқа және бір тәулікке жалға беруді шығарды. Бас-аяғы 7 айдың ішінде 1 млн. 600 мың теңге табыс тапқан екен», - дейді  Рысжан Қоңырқызы.

Алайда, күйеу баласы әйелін де, енесін де қуып шыққан. Бүгінде үш баласы әкесінде қалыпты. Енді, Рысжан Қоңырқызы баспанасынан айырылып далада қалмақ.

«Сотқа арыз жаздық. Бәрі соларға шешіп отыр. Заңды жақсы біледі. Қызым арақ та ішпейді, темекі де тартпайды. Аналық құқығынан да айырған жоқ. Баласының үлкені 14 жаста. Кішкентайы 5 жаста. Таныс-тамыры жақсы болып тұр ғой. Қас қағым сәтте қолда бардан түгел айырылып тұрмыз», - дейді  Рысжан.

Күйеу баласына алдандым деген ана әзірге өз үйінде тұрып жатыр. Енді, бұл іске жоғарғы сот жәрдем қылса дейді.  Тіпті, сол сыйлық құжат әзірлеген сәтте денсаулығының сыр бергенін және анасынын қайтыс болғанын растайтын құжаты да қолында екен. Сондай-ақ, ол жұртқа басынан өткен оқиғасы сабақ болса екен дейді.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар: 

Қуандық Бишімбаевтың адвокаты мәлімде жасады

Петропавлда танымал спортшыны ұрып өлтіргендер сотталды

Ақтөбеде тасқыннан жапа шеккендерге арналған есепшот ашылды

Қазақстандық боксшы спорттық киімдер топтамасын шығара бастады (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1468429-shyghystaghy-shytyrman-semeylik-zhigit-qa/

pixel