Қаскелеңде егіздердің сыңарын соқыр қылған дәрігерлердің басы дауға қалды
Жарияланған күні:
Қаскелеңдік дәрігерлер құзырлылардың құрығына тағы да ілікті. Бұл жолы олар егіздің сыңарын соқыр қылғандары үшін жауапқа тартылмақ деп хабарлайды Алматы арнасы.
Ал, осыған дейін ақхалаттылар үшемнің бірінің шетінеуіне кінәлі ретінде сұрауға алынған. Ұйыған бір отбасының басына түскен қос қайғыны ілгеріде арнамыздан көрсеткен едік. Тәртіп сақшылары тергеу амалдарын сағызша созып келеді. Амалы таусылып, шарасыз күйге түскен ата-ана сол полицейлердің жағасына жармасты.
Тоқтаусыз жылап, жасын жаулығына сүрткен ананың тағаты таусылды. Шарасыз келіншек қылмыстық істі айлап созған полицейлерге қирғидай тиді. Құзырлыны жұлқылап, тіпті көлігіне отырғызбай қойды. Әділдік іздеген ерлі-зайыптының мұндай әрекетке бармасқа амалы да қалмаған.
Өткен жылы Қаскелеңдегі перзентханада дүниеге үшем әкеліп сүйіншілеген ана, көп ұзамай бір сәбиінен көз жазып қалған еді. Сәбидің шетінеуіне дәрегерлерді кінәлап, тиісті орынға арызданған. Алайда, бұл істің ақ-қарасы әлі де анықталмапты. Себебі істі жүргізген тергеуші Есмағамбетов жәбірленушілерді қылмыстық істің жүргізілу барысымен мүлде таныстырмаған.
Одан қалды, кішкентай Раянның неден шетінегенін айғақтайтын сот-медициналық сараптаманың нәтижесін көрсетпестен, істі жауып тастапты. Осыған ашынған ата-ана әділдік іздеп аудандық прокуратураға арызданған.
«Шағымымды орындамады Есмағамбетов. Сосын орындамағаннан кейін мен Қарасай ауданының прокуратурасына жаздым тағы да арыз. Шағым жазып едім, прокуратура маған сіздің ісіңіз жабылып қалыпты деп жауап қайтарып берді. Сол кезде мен таң қалдым, қалай менің ісім жабылады егер мен ол іспен таныспасам, ешқандай сараптамының қағазымен таныспасам? Істі қалай жауып қояды?», - деді облыс тұрғыны Қайрат Ысқақов.
Осы тұста, полицейлердің айтар уәжі басқа. Олар қайғыдан қан жұтқан отбасы мен олардың қорғаушысын бөлімшеге сан мәрте шақырдық дейді. Алайда, іспен танысуға өздері келмеді деп отыр. Құзырлылар қылмыстық істі дәрігерлерден кінарат табылмаған соң, жылы жауыпты. Сот медициналық сараптама кішкентай Раяна ай-күні жетпей туғандықтан мерт болған деген екен.
Ал жуырда жығылғанға жұдырық боп, үшемнің екінші сыңары Аянаның бір көзі соқыр болып қалған еді. Шақша басы шарадай болған ата-ана 6 айлық қыздың көрмей қалуына тағы да Қаскелеңдік дәрігерлерді кіналап шағымданды. Қазір осы дерекке орай, 317 бап бойынша Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізу тағы да Есмағамбетовке берілген екен. Ал Ысқақовтар бірінші істі жылы жапқан тергеуші бұл жолы да құқымызды табан асты етеді деп күдіктеніп отыр.
«Егер жәбірленуші қылмыстық іс қай тергеушінің тарапында екенін біле тұра, оған сенім артпаса қандай да басқа жағдайларға байланысты сенім артпаса, істің жан-жақты тексерілмеуі мүмкін деп мәлімдеген жағдайда ол кісі міндетті қағаз жүзінде жазып бізге арыздану керек. Арызды жазса, аламыз қарастырамыз, керек жағдайда заңға сәйкес біз басқа тергеушіге өндіріске тапсырамыз қылмыстық істі», - деді Қарасай аудандық ІІБ басшысының орынбасары Ұлан Садықов.
Үйдегі 9 баласын көршісіне тастап, талай есікті қағып әділдік іздеп жүрген ата-ананың тілегі бір. Олар қыздарын зағип қылған дәрігерлер жауапқа тартылса дейді.
Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз
⇓⇓⇓
Тағы оқыңыздар:
Димаштың атын пайдаланып сұхбат беретін алаяқтар пайда болды
Қасымов елбасына елімізде болып жатқан жағдайларды баяндап берді
Қаржы жымқырды деп айыпталған танымал журналист рақымшылыққа ілінді
Семейліктер жаламен қызметінен кеткен 80 жастағы имамды қайтара алмай жүр
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1470849-qaskelenhde-egizderdinh-synharyn-soqyr/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.