Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азамат Сатыбалдының «Бір сен үшін...» фильмі көрерменге жол тартты

Опубликовано:

Қазақ киносының қатары жаңа "Бір сен үшін..." атты фильммен толықты деп хабарлайды XX Agency сайтына сілтеме жасап NUR.KZ. 

24 сәуірде Алматыда фильмінің жабық көрсетілімі болып, өнерсүйер қауым алдында тұсауы кесілді. Фильмнің тұсаукесер көрсетіліміне Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек арнайы келді. Актер Асанәлі Әшімов бастаған өнер қайраткерлері, әншілер, актерлер, БАҚ өкілдері қатысты.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты Азамат Сатыбалды мен актриса Зарина Карменовалар басты ролдерін сомдаған «Бір сен үшін...» фильмінің көрсетілімінде көз жасына ерік бергендер болды, фильм аяқтағаннан кейін көрермен қауым ұзақ қол соғып, қошемет білдірді.

"Қазақстан әлемде ажырасудан 27 орын алады екен. Оның көбі жастар. Неге екенін зерттедік біраз, сөйтсек қазір біздің жастарда үміт жоқ екен, сенім жоқ, арман жоқ, махаббат жоқ. Сондықтан да біз жастарға ой салатын отбасы туралы фильм түсіруге ниеттендік. Мені қолдаған барша әріптестеріме алғыс айтамын. Кино көптің еңбегі. Біз бұл фильм арқылы табыс табуды көздеген жоқпыз, ондай ойымыз болса әуреленбей комедия түсірген болар едік», - деді  Азамат Сатыбалды.

Оның айтуынша фильмде жұмыс істегендердің барлығы негізінен дебютант болып табылады. Азамат Сатыбалды продюсер ретінде, Ардақ Төлеубай режиссер ретінде осы фильмде алғаш рет бақ сынады.

Өзекті отбасылық мәселелерді қамтыған фильмнің ұзақтығы 98 минут. Фильм негізінен Алматы қаласында, Алматы төңірегінде, өткен жылдың жаз маусымынан бастап түсірілген. Фильмнің композиторы Ұшқын Жамалбек, сценарий авторы Ләззат Түлкібаева, Қоюшы операторы Жантай Қыдырәлиев, Қоюшы суретшісі Назира Байбекова.

Қалың көрерменнің есіне сала кететін болсақ, 27 сәуірден бастап «Бір сен үшін» отандық мелодрамасы айналымға шығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1477196-azamat-satybaldynynh-bir-sen-ushin-fi/

pixel