Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елбасы: Оңтүстік Қазақстан – қазақылықтың қаймағы бұзылмаған өлке

Опубликовано:

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысының жұртшылығымен кездесті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ.

Елбасы кездесуде өңірдің бірегей тарихына және мәдени ерекшелігіне тоқталды.

"Оңтүстік Қазақстан – қазақылықтың қаймағы бұзылмаған өлке. Бұл – абыздар мен әулиелердің қасиеті дарыған, Қожа Ахмет Яссауи мен Әл-Фарабидің ізі қалған, көне мәдени мұраға бай киелі жер. Қазір бұл өңірде бүкіл ел халқының 16%-ы тұрады", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті оңтүстік өңірдің тарихын тұтас Қазақстанның тарихы деуге болатынын атап өтті.

"Оңтүстік Қазақстан облысының өзінде 800-ден астам тарихи-мәдени ескерткіш бар. Әлемге әйгілі жәдігерлеріміздің көпшілігі осында. Түркістан, Отырар, Сайрам, Сауран қалалары, Қожа Ахмет Яссауи, Арыстан баб кесенелері – біздің мақтанышымыз. Осындағы әрбір төбе мен қырқаның, өзен мен көлдің аттары – тұнып тұрған тарих. Мәртөбе, Күлтөбе және Ордабасы – халқымыздың сақталуына әсер еткен қазақтың бірлігі мен тұтастығының қасиетті символы. Біз осының бәрін ұрпақтың санасына сіңіруіміз керек. Жастарды патриотизмге, отаншылдыққа, туған жерді сүюге баулу қажет", – деді мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев елде үштілділікті толыққанды енгізудің өзектілігіне тағы да тоқталып, әліпбиді ауыстыруға қатысты күмәнді сейілтті.

"Ағылшын тілін оқытуды жандандыру қажет, ол іскерлік ортаның барлық саласында қолданылатын болады. Бұл – заман талабы, тек бізге байланысты емес", – деді елбасы.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті облыстың дамуындағы бірқатар проблемалық мәселелерге тоқталды.

"Бұл өңір әлі де дотациялы аумақ болып отыр. Облыс бюджетінде өткен жылы меншік табыстары небәрі бестен бір бөлікті құрады. Республикалық бюджеттен келіп түсетін түсімдер 80 пайыздан асты. Бюджетке түсетін салмақты азайту, меншік табыстарының үлесін ұлғайту жөнінде шара қабылданбай отыр", – деді мемлекет басшысы.

Қазақстан президенті халықты, соның ішінде жастарды жұмыспен қамтуды жақсарту үшін түбегейлі шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

"Беделді жоғары оқу орнын бітіру әрдайым маңызды бола бермейді. Ең бастысы – еңбек нарығында сұраныс бар мамандыққа ие болу. Бұл, әсіресе, ақпараттық технологиялар, өндірісті цифрландыру және компьютерлендіру дәуірінде өзекті болмақ. Таяу болашақта қазіргі мамандықтардың 50%-на сұраныс болмайды. Сондықтан уақыт талабына сай болу керек", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Осы орайда, елбасы тұрғындарды еңбек ресурсы көп өңірден жұмыс күші жетіспейтін өңірге көшіру жөніндегі бағдарлама бар екенін еске салды.

Оңтүстікқазақстандықтар мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы ой-пікірлерін толық қолдайтындықтарын айтып, Нұрсұлтан Назарбаевқа өңірге деген қамқорлығы үшін ризашылықтарын білдірді.

Сондай-ақ, кездесу аясында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыстың әлеуметтік-экономикалық ахуалы және оны дамыту перспективалары туралы баяндады.

Кездесу соңында мемлекет басшысы қатысушыларға зор табыс және береке-бірлік тіледі.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Биыл елімізде үй бағасы 10-12% арзандайды

Он адамның өміріндегі ең бақытты сәттері әлем назарын аударды

Қанат Исламмен кездесетін "Мексикалық әзәзіл" туралы не білеміз? 

Мәжіліс депутаты: Екі-үш тал сақалы салбырап жүргендерден жиіркенемін

Алматы - Өскемен бағытындағы шұрық-тесік жол 25 жылдан бері жөндеу көрмеген (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1478766-elbasy-onhtustik-qazaqstan-qazaqyly/

pixel