Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ мықтыларының Мәскеуде ажал құшуында қандай құпия бар?

Опубликовано:

«Мәскеуді бағындырамын деп аттанған қазақтың ұл-қыздарының маңдайына туған жеріне табыт ішінде жатып қайту тағдыры бұйырғандай…» деп жазыпты автор Qamshy.kz порталына жазылған мақаланың авторы. Осы орайда, Ulykosh.kz сайтына сілтеме жасай отырып NUR.KZ назарларыңызға Мәскеуде қайтыс болған қазақтың маңдай алды тұлғаларын ұсынады.

Мұхтар Омарханұлы Әуезов

Қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1961 жылы 27 маусым күні 64 жасына қараған шағында Мәскеу қаласындағы Кремль ауруханасында операция үстінде қайтыс болды.

1961 жылы қайтыс болғаннан кейін, Республика Үкіметі қаулы қабылдап, ұлы жазушының есімін мәңгі есте қалдыру мақсатымен Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институты мен Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрына Мұхтар Әуезовтың аты беріледі, әдеби мемориалдық мұражайы ашылып, бірқатар мектеп, көше және Алматының бір ауданы М.Әуезов атымен аталды.

Күләш Жасынқызы Байсейітова

Бүгінде исі қазақта Күләш Байсейітованы танымайтын жан жоқ десек артық айтқандық емес. Оның есімі бүкіл кеңестер еліне аңыз болып таралған. Ол небәрі 24 жасында СССР Халық әртісі атағын иеленді.

1957 жылдың маусым айында Күләш Жасынқызы Мәскеуге гастрольдік сапармен барған. Концерт аяқталған соң, ол өзінің басының қатты ауырғанына байланысты қонақ үйдегі бөлмесіне кетіп қалады.

Ал ертесіне, 6 маусым күні қонақ үй қызметкері Күләш Байсейітованың жансыз денесін тапқан.

Кейін дәрігерлік зерттеулер қорытындысы миына қан құйылғанын айтқан.

Шәкен Кенжетайұлы Айманов

Шәкен Кенжетайұлы Айманов 1914 жылы 15 ақпанда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1928 жылы орта мектепті бітіріп, 1931-1933 жж. Семей Қазақ ағарту институтында оқиды. 1933 жылы Алматы қаласына келіп, Қазақ драма театрының құрамына қабылданады. 1947-1951 жылдары аталған театрдың бас режиссері болады. Театрдағы қызметі барысында актерлік шығармашылығын шыңдап, шеберлігімен көзге түсті.

1959 жылы КСРО Халық әртісі атағын иеленді. 1970 жылы «Атаманның ақыры» фильмі үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді. Бұл сыйлық Шәкен Аймановқа қаза болғаннан кейін берілген болатын.

1970 жылы 23 желтоқсанда Мәскеу қаласында көлік апатында қайтыс болып, Алматыдағы Орталық зиратта жерленген.

Қалтай Мұхамеджанов

1928 жылдың 24-желтоқсанында Қызылорда облысының Тереңөзек ауданындағы Шіркейлі ауылында дүниеге келген. 1953 жылы Ташкенттің театр және көркемөнер институтын бітіріп шығады. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінде, Мемлекеттік кино комитетінде, Қазақстан Жазушылар одағының, Кинематографистер одағының екінші, бірінші хатшысы, 1988–1998 жж. республикалық «Ара–Шмель» журналында, халықаралық «Заман – Қазақстан» газетінде бас редактор болды. Өмірінің соңғы жылдары халықаралық «Түркістан» газетінің бас редакторы қызметін атқарған.

2001 жылы 7 мамыр күні Мәскеу қаласында қаза болған.

Сол күні барлық ресейлік және қазақстандық басылымдар Қалтай Мұхамеджановтың қазасы туралы жазып жатты. Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрының күш салуымен Қалағаның денесі Кеңсай зиратына жерленді.

Бағлан Сәдуақасов

2006 жылы әйгілі «А-Студионың» әншісі Бағлан Сәдуақасов Мәскеу қаласында көлік апатынан қаза болды.

Бағлан мінген жеңіл авто көлік Камаз жүк көлігіне соқтығысып, ол оқиға орнында көз жұмған. Бұл әншінің басынан өткен алғашқы көлік апаты емес еді.

Ажал артынан түскендей, Бағлан мінген Шри-Ланкадан ұшқан ұшақ жанып кетіп, бір ажалдан аман қалған еді.

Мұрат Насыров

2007 жылы қазақстандық эстрада әншісі, композитор Мұрат Насыров та Мәскеуде қаза болды.

Ол өз үйінде, 5 қабаттан секіріп, өзіне-өзі қол жұмсаған (кейбір деректерде осылай айтылады).

Мұрат Насыров қайтыс болғанда небәрі 37 жаста болған және артында әйелі мен екі баласы қалған.

Батырхан Шүкенов

29 сәуір күні тағы да қайғылы хабар келді. Тағы да Мәскеу. Тағы да қазақтың жарық жұлдызы.

«А-Студионың» бірінші солисі Батырхан Шүкенов 53 жасына қараған шағында Мәскеуде қайтыс болды.

Дәрігерлердің айтуынша, ол жүрек талмасынан көз жұмған.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Биыл елімізде үй бағасы 10-12% арзандайды

Атақты Авраам Руссо Жігер Ауыпбаевпен бірге ән айтуы мүмкін 

Павлодарлық полицей жанып жатқан үйден екі адамды алып шықты 

15 айға созылған үзілістен кейін Мария Шарапова үлкен тенниске қайта оралды 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1479001-qazaq-myqtylarynynh-maskeude-azhal-qush/

pixel