Шымкенттік депутат орташа "бай" екенін айтып мақтанды

Опубликовано:

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Жаңабай Ағабеков аса бақуатты емес, орташа «бай» екенін айтып ағынан жарылды, деп хабарлайды өңірдегі  NUR.KZ тілшісі.

53 жастағы депутат Жаңабай Ағабеков оңтүстік халқын еліміздің солтүстік өңірлеріне қоныстандыру шараларына білек-сыбана кірісіп жүрген азаматтардың бірі.

Тіпті Ағабеков мырза былтыр күнгей өңірден теріскейге көшіп барған 50 отбасыға өз қалтасынан үй сатып алып бергенін де айтып қалды.

Алайда ел арасында депутат қоныстандыру шараларына өз пайдасы үшін атсалысып жүр деген де әңгіме тараған болатын. Бұл әңгімеге халық қалулысының өзі нүкте қойды.

"Менің ешқандай "интересім" жоқ. Мен көшіп барған азаматтарға жер алып бердім. "Депутат бюджеттен қаржы алып, көшіріп жатыр екен" деген де әңгіме болған. Ешкімнен қаржы алған жоқпын... Қайта көшіп барамын дегендерге өз қаржымнан қолдау көрсетіп жатқан азаматпын. Басқа ешқандай да мақсатым жоқ. Оңтүстік Қазақстан облысында жерім де жетеді, өзіме лайықты кәсібім де бар. Енді үлкен бай болмасам да, орташа баймын", - деп ағынан жарылды ол.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Бекман Сойлыбаев алғаш рет WBC International чемпиондық белбеуін жеңіп алды (фото)

Тазалық сақтаудың ерекше тәсілін ойлап тапқан шымкенттіктер таңғалдырды (фото)

Сенат сайлауына бюджеттен 92 миллион жұмсалмақ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1480975-shymkenttik-deputat-ortasha-bay-ekenin/

jitsu gif