Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Forbes Қазақстанның ең бай 50 адамын жариялады

Опубликовано:

Forbes.kz басылымы Қазақстанның 2017 жылғы ең бай 50 адамын көрсететін рейтингті жария етті.

Рейтингтің бірінші орнында қазақстандық кәсіпкер Владимир Ким жайғасқан. Ол - қымбат металдар өңдеумен айналысатын "KAZ Minerals" тобының президенті әрі ірі акционері.

Мыс магнатының мүлкі 2 500 000 000 долларды құрайды. Кәсіпкер 1960 жылдың 29 қазанында Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент ауылында дүниеге келген. Үйленген, үш баласы бар.

Екінші орында Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов. 

Бүгінде оның байлығы 2 400 000 000 долларға бағаланып отыр.

Өтемұратов - Қазақстан теннисі федерациясының президенті, ITF (International Tennis Federation) директорлар кеңесінің мүшесі, кәсіпкер, дипломат.

Сонымен қатар, ол Алматыда және Астанада балаларға арналған Haileybury мектептерінің негізін қалаушы.

Рейтингтің үшінші және төртінші орнына Құлыбаевтар отбасы жайғасқан. 

50 жастағы Тимур Құлыбаевтың мүлкі - $ 2 200 000 000. 

Тимур Құлыбаев - қазақстандық кәсіпкер, қоғам қайраткері, Kazenergy қауымдастығының төрағасы, "Атамекен" ҰКП президиуымының төрағасы. "Қазақстан халық жинақ банкін" бақылайтын "АЛМЭКС" тобы Құлыбаевтарға тиесілі.

49 жастағы Динара Құлыбаева - Қазақстанның ең бай әйелі. Ұлттық банк акционері әрі Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Ұлттық білім қорының басшысы.

Динара Құлыбаеваның мүлкі - $2 200 000 000

Қазақстанның ең бай бес адамын 62-жастағы Әлижан Ибрагимов тұйықтады. 

Оның мүлкі - $ 2 000 000 000. 

Әлижан Ибрагимов әлемдегі ең ірі ENRC компаниясына иелік етеді, сонымен қатар "Еуразиялық банк" акционерлік қоғамының президенті.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Серік Ахметовтың ісіне қатысты аппеляциялық сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды

Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жекте қанша белбеу сарапқа салынады?

64 жастағы заңгер Оңтүстік Кореяның президенті атанды

Депутаттар жол полицейлерінің ала таяғын қайтарып беруді тағы да сұрады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1489135-forbes-qazaqstannynh-enh-bay-50-adamyn-zhariyalad/

pixel