Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеңіс күні Қарағандыда шашылып жатқан майдангерлердің суреті халықтың ашуына тиді (фото)

Опубликовано:

«Майдангерлерден ұят» деген тақырыптағы фото әлеуметтік желі арқылы халыққа тарап кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Аталмыш сурет 9 мамыр - Жеңіс күнінен соң саябақтар мен қоқыс алаңдарында түсірілген.

Нақтырақ айтсақ, мейрам күні Республика бойынша «Мәңгілік полк» шеруі жүріп өткен болатын. Әрбір қалада бұл шараға қатысқан 10 мыңдаған адам қолдарына майданда қаза тапқан ата-бабаларының суреттерін ұстап, қала көшелерінің бойымен жүріп өткен болатын.

Алайда, шеру біткен бойда тақташадағы суреттер үйілген қалпымен қоқыс жәшіктерінде, қаланың бұрыш-бұрышында, одан қала берді саябақтағы орындықтарда жатқан.

Мұны көрген желі қолданушылары «Мәңгілік полк» шеруін ұйымдастырушыларды сөгуде.

Олардың бірі «Көшеде картина көтеріп жүргендердің бәрі майдангердің ұрпағы емес, ол жалдамалы жұмыскер, оларды осы ісі үшін жазалау керек» десе, енді бірі «Бұл шараны көзбояшылық қылып жасағанша, өткізбеген дұрыс», - деді.

Тіпті, суреттегі саябақты танығандар фото Қарағандыда түсірілген деген уәж айтуда.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Қазақстан әлем елдері рейтінгісінде Ресейді басып озды

Жаңа Зеландияда салмағы 7 келі болатын сәби дүниеге келді (фото)

40 адамның өмірін жалмаған терроршы 2397 жылға түрмеге қамалуы мүмкін

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1490179-zhenhis-kuni-qaraghandyda-shashylyp-zhatqa/

pixel