Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелі босанғанда күйеуінің серіктес болуы олардың жыныстық өміріне кері әсер ете ме?

Опубликовано:

Қазақстанда жүкті әйелдердің босанарда жанына серік есебінде күйеуін алып кіруі қалыпты жағдайға айналып барады. Алайда оған қоғамның көзқарасы екіге жарылған. Елімізде әйелінің босану сәтіне күйеуінің қатысуын ерсі көретіндер көп. NUR.KZ порталы бұл мәселеге қатысты түрлі пікірлерді назарларыңызға ұсынады.

Алматылық ерлі-зайыпты Мирас және Мөлдір босану кезінде ер адамның қатысуы қалыпты жағдай деп есептейді.

«Мен тұңғышымның дүниеге келген сәтін өз көзіммен көрдім. Өте қуанышты сезімді бастан кештім. Ұлымды бірінші болып менің кеудеме басты. Босануға серік болудағы мақсатым, біріншіден, әйеліме барынша қолдау көрсету болды.

Одан кейін дәрігерлердің жұмысын бақыладым. Бәрі ойдағыдай өтті. Кей жігіттер кіруге қорқады.

Сондай достарым да бар. Бірақ, оларға айтарым – өз ұрпағыңның аман-сау болып дүниеге келуін көру нағыз бақыт», - дейді жас әке.

Оның айтуынша, көп жігіттердің әйелімен бірге босану кезінде кіруге деген қорқыныштың себебі көп. Біреулер әйелінің қатты қиналғанын көргісі де, естігісі де келмейді. Кейбірі көрген-білгенінің жеке жыныстық өміріне кері әсері болуынан қорқады. Ал, енді бірі мұндай қысылтаяң жағдайда не істерін білмей, абдырап қалады екен.

Алайда акушер-гинекологтар жыл сайын серіктестік етіп босанатындардың қатарының көбейгенін байқап отыр.

Медицина қызметкерлерінің айтуынша, босанатын әйелге ең жақын серіктес – оның күйеуі екен. Ол босанып жатқан әйелді де, іштегі баланы да ойлап тұратын болып шықты. Ал босанып жатқан әйелдің анасы осынау жауапты сәтте тек өз қызының қамын жеп, әлсіздік танытқан.

Ислам ғалымдары бұған қатысты қандай да бір шектеулердің жоқ екенін алға тартады.

Салт-дәстүрдің қаймағын бұзбай, өскелең ұрпаққа өнеге етіп айтып жүрген әйгілі қазақ батырының келіні Зейнеп Ахметова әйелі босанар сәтте оған серік болып кірген жігіттердің әрекетін құптамайтынын айтады.

«Бұл бізге батыстан келген нәрсе. Мен оны қош көрмеймін», - дейді жазушы.

Жалпы, жүкті әйелге серік есебінде тек күйеуі ғана емес, анасы, енесі, жеңгесі немесе жақын құрбысы да кіре алады. Бірақ, медицина мамандарының мәлімдеуінше, қазіргі жас келіндер өз күйеуіне көбірек сенім артатыны белгілі болды.

Ал сіз кімнің серік болғаны дұрыс деп ойлайсыз?

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Қостанайда үш балалы отбасы мәйітханада тұруға мәжбүр

ҰҚК шекаралық қызмет академиясынан он пистолет ұрланды

Qazaq Air әуекомпаниясы рейсін алты рет кейінге шегеріп, жолаушыларын әбігерге салды

Алматыда автобуспен соғылған "Гелендвагенді" прокуратура қызметкері жүргізгені анықталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1490863-zharynynh-bosanuyna-kua-bolghan-azamat-e/

pixel