Түрікке күйеуге шыққан астаналық бойжеткен оңбай алданып қалған
Жарияланған күні:
Түрік азаматына күйеуге шығып, оңбай алданған бойжеткен бар сырын қазақ радиосындағы «Ақ отау» бағдарламасына ақтарды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.
Өзін Әсем Асхатқызы деп таныстырған кейіпкер, жеті жыл бұрын құрылыс компаниясын да жұмыс істеп жүріп, өзінің түрік басшысына тұрмысқа шыққан.
«Жұбайым менің тікелей басшым еді. Ол маған бірінші болып сөз салды. Мен басында қорқақтадым. Өзін ажырасып кеткенмін. Саған ғашықпын деп сендірді. Сосын барлығы махаббатқа ұласты. Үйленейік деп ұсыныс жасаған соң әке-шешеммен таныстырып, шағын той жасап, заңды түрде неке қидырдық. Неке қию рәсіміне Түркиядан оның екі әпкесі мен бір ағасы келді. Біз жақтан менің ең жақын туыстарым қатысты», - деді ол.
Әсел түрік күйеуінен жүкті болып, бір жылдан соң ұлдары өмірге келіпті.
«Күйеуім Түркияға жылына екі-үш рет қана баратын. Онда да іссапармен деп түсіндірді. Кейде ұялы телефонына түрікше сөйлеп әйелдер хабарласатын. Оны да маған «жұмыс бабымен Түркиядағы серіктестерім хабарласты» дейтін. Осы сөзіне сеніп жүре беріппін. Үш жылдан соң күйеуім Түркияға жұмыспен кетіп, оралмады. Алғашқы үш-төрт ай телефон арқылы хабарласып тұрды. Сосын мүлдем жоқ болды. Аға, әпкелеріне хабарлассам, ұялы телефондары сөндірулі. Жолдастарынан білдім, күйеуім Түркиядағы отбасысына оралыпты. Маған ажырасып кеттім дегені өтірік екен», - деді Әсем Асхатқызы.
27 жастағы астаналық ана қазір ұлын жалғыз тәрбиелеп отыр. Қазақ қыздарына шетелдік жігіттермен байланыс құрғанда абай болып, от басып қалмаңдар деп кеңес береді.
Ал психологтар болса, қыздардың шетелдік жігіттермен отбасы құруына қазақ азаматтарының да кінәсі бар деп отыр.
«Түрік, италиялық жігіттер қазақ азаматтарына қарағанда қыздарды көңілің жақсы табады. Көбісі романтик. Кездесуге гүл көтеріп келу, ерекше тосынсый ұйымдастыру сынды әдіс-тәсілдері көп. Ал қазақ жігіттері ондай романтикаға бара бермейді. Менталитет қой. Әйелдер осы қасиетті ерекше бағалап, «ой шетелдік азамат керемет екен, өте мәдениетті» деп етегінен ұстап жатады. Оның барлығы шынайы емес. Көзбояушылық болуы да мүмкін. Талай естіп жүрміз. Шетел асып кеткен қыздарымыздың, елге жылап оралғанын», - дейді отбасылық психолог Дана Ізгілікова.
Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз
⇓⇓⇓
Тағы оқыңыздар:
Тоқал болғысы келетін бойжеткенге ата-анасы рұқсат бермей отыр
"Еуропалыққа ұқсағысы" келген қазақ қызы көзін үлкейтіп тастады (фото)
Алматыда 23 жастағы ана үшемді дүниеге әкелді (фото)
Талдықорғанда үш жасар бүлдіршін із-түзсіз жоғалып кетті (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1495356-turikke-kuyeuge-shyqqan-astanalyq-boy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.