Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандылық келіншек күйеуін жақын досымен бір төсекте ұстап алды

Опубликовано:

Қарағандылық келіншек өз күйеуін еркекпен төсектес болып жатқан жерінен ұстап алды. Әйел өзінің тығырыққа тірелгенін айтып, әлеуметтік желі қолданушыларынан жан ұшыра кеңес сұрады деп хабарлайды «NewTimes.kz» агенттігіне сілтеме жасап NUR.KZ.

«Тұрмыс құрғаныма 10 жыл болды. Күйеуімнің балабақшадан бері бірге келе жатқан жақын досы бар. Бір жұмыс күні күйеуім демалатын болып қалды. Ал мен үйде сөмкемді ұмытып кетіп, ақша-құжатсыз шығып кетіппін. Өзім көлік жүргіземін. Түскі ас кезінде үйге барып, сөмкемді алып келейін деп шештім.

Үйге келмей-ақ қойғанымда ғой. Сол күні көргенім өмір бойы есімде қалатын шығар. Мен өз күйеуімді досымен төсектес болып жатқанының үстінен түстім. Қазір не істерімді білмей жүрмін. Біздің екі баламыз бар. Оларды әкесіз өсіргім келмейді. Кей кезде оның еркекпен емес әйелмен төсектес болғаны жақсы болар еді деп ойлаймын", - деп еске алады сол күнді қарағандылық келіншек.

Оның жазбасы Instagram-да есімі жасырылып жарияланған. Келіншек бұл хатты жазудан бұрын ұзақ ойланыпты. Оның сөзінше, бұл оқиға туралы тіпті жан құрбыларына да айтпаған.

Қарағандылық келіншек осылайша желі қолданушыларынан бір тұшымды кеңес күтеді.

Блог оқырмандары бұл жазбаға түрліше жауап қатты. Көпшілігі баланы алып, ажырасуға кеңес берген.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1504069-qaraghandylyq-kelinshek-kuyeuin-zhaqyn/

pixel