Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұратхан Тоқмәдидің қызы: Менің әкем адал бизнесмен

Жарияланған күні:

Қылмыстық топқа қатысы бар деп қамалған қазақстандық бизнесмен, "ҚазСтройСтекло" компаниясының директоры Мұратхан Тоқмәдидің қызы Зере Шәкерхан Instagram парақшасында әкесінің кінәсіз, намаз оқитын таза жан екенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

"Таңғы сағат 7:30-да менің әкем, анам мен әпкем тұратын үйге және әкемнің зауыты "ҚазСтройСтекло" мен Астанадағы зауытқа да басып кірген.  Менің әкем әйелі және сіңіліммен бірге ұйықтап жатқанда, қолын байлап, басына мешок кигізді. Кейіннен пәтерімізде кешкі сағат 19:30-ға дейін тінту жұмыстарын жүргізген.

Сондай-ақ, менің анамның да пәтерін тінтіп, телефон мен компыютерлерін алды. Жас сәбиімен үйінде отырған әпкеме де келген. Зауыт қызметкерлерін террористер секілді еденге жатқызыпты. Тіпті әйелдерді де еденге жатуға мәжбүрлеген. Олар мүлдем дәлелсіз айғаққа сүйеніп отыр. Тіпті күлкілі.

БАҚ беттерінде менің әкеме қатысты жалған ақпарат пен жала жабылуда. Бірақ біз бәріміз шындықты білеміз. Менің әкем - адал бизнесмен, спортшы, үлгілі күйеу, ата және әлемдегі ең жақсы әке!

Мен сіздердің барлығыңыз мұны білесіздер деп деп ойлаймын! Ол өте тәрбиелі адам, намаз оқиды. Қажылыққа барған және көптеген адамдарға көмектеседі. Әділеттілік орнасын. Бұл кімге керек...", - деп жазған Зере.

Тағы оқыңыздар: Ақшадан тарыққан алматылық бойжеткен 2 млн теңгеге пәктігін сатпақшы (фото) 

Естеріңізге салсақ, қазақстандық арнайы қызмет Алматыдағы ұйымдасқан қылмыс тобын құрықтаған болатын.

Күні кеше еліміздегі ірі зауыттардың бірінде тінту жұмыстары жүргізілді. Бұған қоса күш құрылымдары мекеме қожайыны Мұратхан Тоқмәдидің үйіне басып кірген.

КТК дерекөздерінің ақпаратынша, танымал бизнесмен ұзақ уақыт бойы ықпалды қылмыс бандасын басқарыпты. Енді осы қылмысқа қатысы бар басшы құрықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1521845-muratkhan-toqmadidinh-qyzy-meninh-akem/