Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ даласын қуаңшылық жайлауы мүмкін

Опубликовано:

Күннің күрт жылынуынан жауын-шашын азайып, онсыз да ылғалға зәру қазақ даласын қуаңшылық жайлауы мүмкін. Отандық климатологтар алдағы 50 жылға осындай болжам жасап отыр деп хабарлайды Ктк сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

"Парникті газдарды азайту керек. Біз қазір атмосфераға тастап жатқан парникті газдардың мөлшерін жылдан жылға азайтып, сол кезде температураның қарқынды өсуі төмендейді",-дейді "Қазгидромет" РММ ғылыми зерттеу орталығының директоры Пайызхан Қожахметов.

Оған себеп -ауа-райындағы өзгерістер. Бұрын циклон батыстан-шығысқа қарай ығысатын болса, қазір оңтүстіктен ыстық леп көбірек соғатын болыпты. Ал температура 1 жарым градусқа көтерілген.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбеде қазақша білмейтін полиция подполковнигі ұятқа қалды  (фото)

Қазгидрометтегілер нағыз өзгерістер әлі алда деп отыр. Өйткені, 30-40 жылдан кейін күн тағы ыси түсіп, ал осы ғасырдың соңына қарай бірқатар өзен-көлдер Арал теңізінің тағдырын қайталауы мүмкін. Қуаңшылықтан қашып құтыла алмаймыз, дегенмен ол процесті кешеуілдетуге болады екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1526991-qazaq-dalasyn-quanhshylyq-zhaylauy-mumk/

pixel