Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ана тілін мазақ еткен қазақ әзілкештері әлеуметтік желіні шулатты (видео)

Опубликовано:

Қазақ тілін мазақ еткен әзілкештер әлеуметтік желіні шулатты деп хабарлайды NUR.KZ.

Нұрлан Сабуров пен Азамат Мұсағалиев ресейлік ТНТ арнасына «Біздің махабатымызды сезін» деп аталатын шағын роликке түскен. Осы бейне жазбада Нұрлан Сабуров әріптесіне қазақшалап «Азамат өзің қалай, денсаулық қалай?» деп сұрақ қояды, екі езуінен күлкі кетпеген әзілкеш Азамат Мұсағалиев «курлы-мурлы, курлы-мурлы» деп мәз болып жауап қайтарады.

Тағы оқыңыздар: Димаштан озғым келеді: Витастың әнін шырқаған 12 жасар бала елді таңғалдырды (фото)

Әріптесінің  «Бұл қандай мағынада?» деген сұрағына Азамат Мұсағалиев «сенің сөзіңнің мағынасы бар ма, мен әзілдесіп тұр екенбіз деп ойладым» дейді.

Елді күлкіге қарқ қыламыз деген әзілкештердің ролигі қазақ халқының ашуына тиіп жатыр. Тіпті олардың жанкүйерлері әзілкештің әдепсіз қылығына намыстанатынын айтып, «сен берген қолтаңбаны қазір қоқысқа тастаймын» деп  те хатта халдырған.

Естеріңізге сала кетсек, Нұрлан Сабуров Ақмола облысының тумасы. Қазір Мәскеу қаласында тұрып, ТНТ арнасында әзілкеш болып жұмыс атқарады. Ал, Азамат Мұсағалиев болса «Мен қазақпын, руым-Адай ішіндегі Төлеміс, қалғаны маңызды емес» деп мақтанған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1553827-ana-tilin-mazaq-etken-qazaq-azilkeshte/