jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қазақстанда "жезөкше жігіттердің" табысы қанша?

: UGC

Ғаламтор желілерінде жезөкшелікпен айналысатын жігіттердің жарнамасы қаптап кетті деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі. Бір ғана танысу сайтына 48 азамат өзінің қызметін ұсынып, ұялы телефондарын жазған. Біз хабарласқан жігіттер Астана, Алматы, Қарағанды және Шымкент, Ақтау қалаларында тұратын болып шықты.

Соның ішінде сөзшең келген бір-екеуін әңгімеге тартып қызметтерінің құнын және қандай өнер көрсететінін біліп көрген едік.

Алматылық жезөкше жігіттердің бір түнге алатын ақысы 15 000 мен 20 000 теңгенің арасы. Жігіттер «бұл сомаға жыныстық қызмет қана кіреді» дейді. Егер, массаж жасатып және стриптиз билетіп көңіліңізді көтергіңіз келсе қосымша 10-15 мың теңге төлеуге міндеттісіз. Жарнама берушілердің арасында жұмыстарын сағаттап та сататындар бар. Оның құны 5000-7000 теңге.

Астаналық жезөкше жігіттер сәл қымбаттау. Денесі мен түрі сымбатты еразаматтардың бір түні 30 мың теңгеге дейін барады.

Тағы бір айтары, жезөкше жігіттердің басым көпшілігінің сенбі және жексенді күндері бос емес. Яғни, алдын ала тапсырыс алып қойған. Ал, жұмыс күндері және күндіз шақыртушыларға үлкен жеңілдігіміз бар деп мақтанды.

Сондай-ақ, тәнін саудалаушылар жасы егде тартқан және толықша келген әйелдер үшін де қымбат сұрайды. Дәлірек айтсақ, жарнама бойынша хабарласушыдан бойын, салмағын және суретін сұрап соған сай баға ұсынатындары да бар. Егер қыз-келіншек жас, әрі сұлу болса арзандау.

Тағы оқыңыздар: Алматы облысында дүркіретіп той жасамақ болған ерлі-зайыптылар сотталып кете жаздады

Біз сөзге тартқан жігіттің бірі осы кәсіппен айналысып жүргеніне үш жыл болғанын және медициналық анықтамасы бар екенін алға тартты.

Жас жігіттің сөзінше, тапсырыс берушілер 30 бен 35 жас аралығындағы әртүрлі әйелдер екен.

Хабарласқан жігіттердің барлығы "тұрақты жұмысымыз бар, интимдік қызмет қосымша нәпақамыз" деп ақталды.

Қазақстанда "жезөкше жігіттердің" табысы қанша?

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.