Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОҚО-да қаланың балалары ауылда қой бағуды үйренді (фото)

Опубликовано:

Оңтүстік Қазақстан облысында қаланың балалары ауылға барып, қой бағу мен айранның дайындалуын, сонымен қатар ағаш жарып, нағыз ауылдың тыныс-тіршілігін үйренді.

Шымкенттіктер оқушылар Бәйдібек ауданы, Шаян ауылына барып қайтты. Алдымен оқушылар Аппақ ишан мешіт медресесінің жұмысымен танысып, мұнан соң «Береке» шаруа қожалығында болды.

Қожалықта қаланың балалары қой бағудың қыр-сырын үйреніп, тіпті ағаш жарып, айран мен сары майдың дайындалу әдістерін меңгерді. Әрине, барлық жағдайы жасалған қалада тұрып үйреніп қалған оқушылар ауылда өмір сүру үлкен күш пен жігерді талап ететінін алға тартты.

«Өте қызық сапар болды. Шынымды айтсам, ауыл тіршілігінің оңай емес екендігіне көзім жетті. Ағаш жардық, от жақтық, самаурында шәй қайнаттық. Балық аулап, нан жаптық. Кәдімгідей маңдайдың тері ағады екен. Жаңа достар таптық», - деді шымкенттік оқушы Балғынбек Кәдірбек.

Ақпарат ретінде айтар болсақ, қала оқушыларының ауыл тынысымен танысуы елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы бағдарламаға сәйкес «Бір апта ауылда» жобасы аясында жүзеге асып отыр.

Сапар барысында оқушылар Бәйдібектегі «Қос ана», «Бәйдібек ата», «Домалақ ана» кесенелерінде де болып, рухани байлыққа кенелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1584135-oqo-da-qalanynh-balalary-auylda-qoy-bagh/

pixel