Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ қыздарының бақытсыз екенін айтқан экс-шенеунік елге жанайқайын жеткізді

Жарияланған күні:

мужчина делает указательный жест
Фото: UGC

Бүгінде Түркия елінде өмір сүретін, кезінде Президент әкімшілігінде  экономика және бюджет жоспарын басқарған экс -шенеунік Ботагөз Көпбаева қазақ әйелдерінің көпшілігінің бақытсыз екенін айтады. Шенеуніктің қазақ әйелдері туралы жазбасын gonzo.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ ұсынады.

"Мен әлемнің үш мемлекетінде тұрдым және қай елде тұрмайын сол елдің өмір сүру ұстанымдары, дәстүрлері мен әдеттерін, сол халықтың кей мінезін түсінуге тырысатынмын. Мен бақылауды жақсы көретін және білгенімді аяусыз сараптайтын адаммын. Осы уақытқа дейінгі өмірімде біраз нәрсе білдім.  Осылардың ішінде мені қызықтыратыны «әйел бақытының» әр ел түсінігінде түрліше болуы.

Біраз адамдар үшін өзінің қолы жетпеген нәрсесін мойындау өліммен тең. Әсіресе, қазақ қоғамында. Біз көп жағдайда бар нәрсені асыра, әсемдеп, өтірік қосып, жақсы көріну үшін барымызды саламыз.  Мен жұрт не ойлайды деп бас қатырмау жағын ресейліктерден үйрендім. Бұл өте пайдалы пофигизм, нәтижесінде әркім өз өмірін сүреді.

Тағы оқыңыздар: Төрт адамды қағып кеткен "шымкенттік Үсенов" бостандыққа шықты

Түріктің әйелдері мүлдем басқаша. Олардың көпшілігі отбасындағы рөлдің классикалық түрін ұстанады: "Еркек – түзде, әйел –үйде".  Бұл елде әйелдердің ұлтына қарамастан  әрдайым айналысатын жұмыстары бар. Көпшілік түрік әйелдері ақша табу жайында бас қатырмайды, олар өздерін толықтай отбасына арнайды", - дейді.

Ботагөз Көпбаеваның айтуынша, қазақ әйелдерінің көпшілігі өзін сырт көзге бақытты етіп көрсеткісі келеді.

"Менің "қобдишамда" көптеген әйелдердің түрлі оқиғалары бар, соның көпшілігі бақытсыздық туралы. Оларды тыңдай отырып, мен үнемі мынандай ойда боламын: "Неге біздің әйелдер өздеріне көп жауапкершілік алып алады, неге біз үнемі туғандарымыздың проблемасымен жүреміз? Бұл бізге қайдан жұққан? Кешірерсіздер, неге біз осылай бейшара  болып өсеміз?  Шыныменде, неге өзімізді ойламаймыз?! Осыншалық жеңілдікпен өзімізді құрбан ете саламыз?!

Меніңше, мұның бәрі жеке бақытымызды ойламағанымыздан. Оның үстіне,  біз жеке бақыттың не екенін мүлдем түсінбейтін сияқтымыз. Біздің бар қуанышымыз жақындарымыздың бақытына байланған. Анамыз, балаларымыз бақытты болса бізде бақыттымыз.

Мінсіз маникюр, сәнді фитнес-клуб абоненттері, жұма сайын караоке, сенбі күні сән салондары, жексенбі  «Хан Шатырға» баратын астаналық құрбыларым және алматылық сән қуып, базар аралайтын, қызметте жетістікке жетіп жүргендері бақытсыз өмірлеріне шағым айтады. Тұрмыстағылары күйеулеріне, тұрмыста еместері оның жоқтығына, екеуі қосылғанда бір уақытта ана, әйел, отбасын асыраушы жан, келін болудың қандай қиын екеніне шағымданады.

Біздің елде психологқа бару қабылданбаған, ішіміздегіні айту үшін біз достарымызға барамыз.  Бір қызығы олардан ешқандай көмек күтпейміз, тек ішіміздегіні айтып, жеңілдеп алуымыз қажет. Оның бәрі ертеңгі күні кезекті бақытты адамның маскасын киіп, өзімізді қоғамға бақытты етіп көрсетуді қайта бастауға шағын дайындық. Біздің әйелдер –  әмбебап. Олар ең нашар ойынның өзінде,  бет –әлпеттеріне күлкі ұялата алады", - дейді ол.

Оның ойынша, бұл проблема бүгін ғана туындап отырған жоқ. Ботагөз қазақ әйелінің лайықты бағаланбай жүргенін жеткізді.

Тағы оқыңыздар: Алты жасар қызды зорламақ болған азғын сотта өзін қоярға жер таппады

"Бақытты қазақ әйелдері бар екеніне сенімдімін, бірақ олар өте аз және бақытты екендерін айтуға асықпайды. Бақыт, білетініміздей тыныштықты сүйеді.  Бұл шындық әсіресе қазақ қоғамы үшін өте өзекті, себебі мұнда басты рөлді «өсек» ойнайды.  Қаншалық көп нәрсе жасаймыз, бірақ есесіне қаншалық аз дүние аламыз. Және осы тепе-теңдік біздің аналарымыздан келе жатыр.  Қазақ әйелдері бақытсыз, өзгеге арналған өмірдің  эстафетасын бір-біріне беріп, жалғастыратын  сияқты" -деп жазады ол.

Еске салсақ, Ботагөз Көпбаева Президент әкімшілігінде еліміздің экономика және бюджет жоспарын басқарған,  «Фур» Қазына Басқармасының директоры қызметін атқарған, «Қазпочта» АҚ төрағасының орынбасары болған, бүгінгі таңда Түркия елінде өмір сүретін экс-шенеунік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1589504-eks-sheneunik-qazaq-ayelderininh-kopshi/