Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отағасы алты жыл бірге тұрған әйелін қырқынан шықпаған баласымен бірге қуып шыққан

Жарияланған күні:

Азаматтық некедегі күйеуі ақтөбелік келіншекті үйінен қуып шыққан. Үш баласын жетектеп далада қалған Махаббат Алдажанованың алғашқы некесінен бір баласы бар деп жазады Керек Инфо.

"Жолдасыммен алты жыл азаматтық некеде тұрдым. Заңды түрде некелесуге жолдасым түрлі сылтау айтып, қашып жүрді. 2012 жылы балалы болдым. 2013 жылы жолдасым екеуміз жалдамалы жер сатып алдық. Жерді әкімшілік арқылы екі жылға жалға алдық. Содан несие алып, үй салып алдық. Бәрі жақсы болды. Үйімізге көшіп бардық. Сонда тұрдық. 2015 жылы екінші баламды босандым. Жердің екі жылдық жалдамалы уақыты біткен соң, жолдасым маған айтпай барлық құжатты өзінің мамасының атына жазып қойған.

Тағы оқыңыздар: Қазақ тілін "менсінбейді" деп жиі сынға ұшырайтын отандық жұлдыздар кімдер?

Бірде енем, қайын апаларым және жолдасым келіп, маған "үйді босат" деді. Мен түсінбей қалдым. Не болғанын сұрасам, "сен бұл үйде енді тұрмайсың" деп үш баламен қуып шықты. Бірінші жолдасымнан бір балам бар. Кішкентайым әлі қырқынан шығып та үлгермеді. Бірақ бұл менің күйеуімді тоқтатқан жоқ. Мен жергілікті әкімшілікті шақырдым, аудан орталығынан адамдар келді. Жағдайыммен танысты. Үйдегі су, газ, жарықты өшіріп қойды. Сотқа бардық. Жолдасым балалар менікі емес деп шу көтерді. Содан ДНҚ сараптама жасаттық. Нәтижесі сәйкес шықты. Соның өзінде балаларын ойлаған жоқ", - дейді келіншек.

Қыстың көзі қырауда үш сәбиімен далада қалған Махаббат Алдажановаға өз анасы пәтер жалдап беріпті. Біраз уақыттан кейін жатақханадан бір бөлме алған.

"Осы жатақханада үш баламен отырмын. Жақында бұл жерді де босатыңдар деген хабар келді. Бұл жағдайды да ол жақсы біледі. Біле тұра, балаларын ойламады. Ешқандай көмек көрсетпеді. Сот арқылы екі балама елу мың алимент алып отырмын. Өзі біз салған үйді басқа адамдарға сатып жіберіп, екі бөлмелі пәтер алыпты. Қазір сонда тұрып жатыр. Жолдасымның осындай әрекетіне қандай шара қолдануға болады",- дейді Махаббат Алдажанова

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1597892-otaghasy-alty-zhyl-birge-turghan-ayelin-q/