Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ЭКСПО-2017 жабылу салтанатында кімдер өнер көрсетеді?

Опубликовано:

Жабылу салтанатына арналған шоу бағдарламада тек қана қазақстандық әртістер өнер көрсетеді деп хабарлады "Астана ЭКСПО-2017" ҰК контент және іс-шараларды ұйымдастыру департаментінің директоры Марат Омаров. Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазды.

"Көпшіліктің сұрауы бойынша концертте "МұзАрт" тобы, сондай-ақ Марат Бисенғалиевтің Симфониялық оркестрі, Альфия Кәрімова және Майра Мұхамедқызы сынды опералық әншілер, скрипкашы Жәмиля Серкебаева, "Отырар Сазы" оркестрі және "Астана Балет" әртістері өнер көрсетеді. Біз үлкен қойылым дайындап жатырмыз, ол Амфитеатрда өтеді", — деді Марат Омаров.

Тағы оқыңыздар: ОҚО-да тоғыз жасар бала Қызылқұм каналына ағып кетті

Ұйымдастырушылар шара барысының құпиясын ашпай, барлық тұрғындарды келіп көруге шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1612102-ekspo-2017-zhabylu-saltanatynda-kimder/

pixel