Ақтөбеде орамалын шешпейтіндерін айтқан оқушылар мектепке полициямен келді (фото)
Жарияланған күні:
Бүгін Ақтөбедегі №49 мектептің орамал тағатын оқушылары сабаққа кіргізілген жоқ. Мектепте орамалмен жүрген 13 оқушы бар. Орамал таққан бір топ оқушы қыз мектеп табалдырығынан кері қайтты деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.
"Бізге кеше мектеп басшылығынан ескерту берілді. Енді сабаққа балаларымыздың орамалмен келуге болмайтынын айтты. Бүгін сабаққа кіргізбей тұр. Біз келіспейміз . Зайырлы мемлекетте біздің құқымызға шектеу қойылып жатыр", - дейді Аққанат Жұмабаева.
36 жастағы келіншектің алты баласы бар. Ол мектепке баратын екі қызының орамал шешуіне қарсы.
"Біз енді заңгерлерден кеңес алып, шағым түсіретін боламыз. Біздің балаларымыз мектепте уағыз айтып, орамал тағуға үгіттеп жатқан жоқ. Біздің балаларымыздың білім алуына кедергілер болып жатыр", - дейді балалардың əкесі.
Тағы оқыңыздар: Назарбаев: Президенттің жұмысы жарлыққа қол қою ғана емес
Бүгін мектепке балаларын кіргізе алмаған ата-аналар полиция шақырды. Тəртіп сақшылары тек ата-аналардың арызын жазып алып кетумен шектелді.
"Мектепке орамал тағып келетін 13 оқушы бар. Барлығына мектеп талабы түсіндірілді. Сабаққа тек мектеп формасымен жіберілетіні айтылды. Біз оқуға тек орамалды шешкенде ғана кіргіземіз", - дейді №49 мектептің директоры Ерік Нұрмахан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1618762-aqtobede-oramalyn-sheshpeytinderin-ay/