Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал емші Аша Матайдың «Қалаулым» бағдарламасын әбден сынап тастады

Опубликовано:

Өзін дүниежүзілік кәсіби емшілер қауымдастығының президенті деп таныстырған Бауыржан Нұржанов телешоу мен бағдарламаларды үзбей қарайтындығын айтты деп хабарлайды Aktobenews.kz.

«Кеше Аша Матай жүргізетін «Қалаулым» бағдарламасын көрдім. Аталарымыз айтқандай, «ақырзаманда шелектегі су тартылады, қарап тұрған жігітке қыз артылады». Ата-бабамыз қыз айттырған. Бірақ қыз жігітті айттырып келді дегенде мен таңғалдым», — дейді кәсіби емші.

Тағы оқыңыздар: Ресей патшасының көңілдесі туралы атышулы фильм елімізде көрсетілетін болды

Сондай-ақ, Бауыржан Нұржанов халық арасында «Аралдық емші бала» атанған Ербосын Серікбаев туралы пікірін білдірді.

«Емшілік саласында жүрген маман ретінде айтарым, ол балаға қарап, қарным ашады. Қазақ халқы бәрін күлкіге айналдырғанды жақсы көреді. Оның болашағы туралы ойлау керек», — деді емшілер қауымдастығы президенті.

Сондай-ақ, емші өзін Ресейдегі танымал шоумен Андрей Малахов та студияда қонақ болуға шақырғанын айтты. Алайда, ол бас тартқан.

Тағы оқыңыздар: Түркия отелінде шетелдік туристер аяусыз соққыға жығылды (фото, видео)

«Бірінші басшы ретінде Ресейдегі «Битва экстрасенсов» деген бағдарламаны Қазақстанда түсіруге рұқсатымды бермеймін. Жалпы, бағдарламаларға шақырғанда сенің ең кір жеріңді іздеп тұрады ғой», — дейді Бауыржан Нұржанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1630634-tanymal-emshi-asha-mataydynh-qalaulym/

pixel