Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал саясаттанушы тойда пакет тасып, сарқыт жинайтын еркектерді сынға алды

Опубликовано:

Елге белгілі саясаттанушы Расул Жұмалы соңғы кезде жиі белең алып бара жатқан еркектердің ерсі әрекетін жұртқа жария етіп, елдің пікірін сұрады, деп хабарлайды NewТimes.kz

«Бұрындары той мен ас кезінде сарқытты әйел адамдар жинаушы еді. Қазір байқайтыным - кей еркектер де осыны дағдыға айналдырған. Ерсілеу көрінеді екен. Бұл ненің белгісі? Әлде өзім өмірден кеш қалғаным ба?», - деп жазды автор желі парақшасында.

Расул Жұмалының бұл жазбасын оқығандар желі қолданушылары өз пікірлерін жарыса жазып, көбі тойларда пакет тасып жүретін еркектердің әрекетін ұятқа теңеп жатыр.

Тағы оқыңыздар: Сағынтаев қоластындағыларға өз міндеттерін бөліп берді

«Намысы биік қазағымның азаматтары-ау! Неге сонша ұсақталып кеткен?! Ұят қой бұл!.. Ерге сын ғой!.. Еркек басымен аштан келгендей пакетке сарқыт тасыған деген не сұмдық?! Біз қайда барамыз? Не көрінді еркектерге?», «Жалпы ұят қана емес, масқара дүние. Еркек адамның жалмаң қағып пакет көтеріп жүргені несі жақсы дейсіз?», - деп ашуға булықты желідегіер.

Дегенмен пікір қалдырушылар арасында тойдан сарқыт алуды қолдайтындар да табылды. Себебі ысырап болып қалып кеткенше, қуанышты кешке келе алмағандардың дастарханнан дәм татуында тұрған ештеңе жоқ екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1631494-tanymal-sayasattanushy-toyda-paket-tas/

pixel