Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтарға кондоминиумды тіркеу не үшін қажет?

Жарияланған күні:

Көп пәтерлі тұрғын үйлерде тұратын азаматтардың көпшілігі, оларда кондоминиум деп аталатын ортақ меншіктің бар екендігінен бейхабар.

Кондоминиум – бұл, үй-жай азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің жеке (бөлек) меншігінде болатын, ал ортақ мүлік оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болатын жағдайда, жылжымайтын мүлікке меншіктің нысаны.

Өз кезегінде кондоминиум объектісі – бұл белгіленген тәртіппен тіркелген көппәтерлі тұрғын үй.

Кондоминиум объектісін бірыңғай мүліктік кешен ретінде қарастыра отырып, ол жеке (бөлек) меншік иесіндегі пәтерлер мен ғимараттардан басқа, ортақ мүліктер де (кіреберістер, баспалдақтар, лифттер, үй шатырлары, шатыр астылары, жер төлелер, үйге ортақ инженерлік желілер мен жабдықтар, жер учаскелері және т.б.) кіретіндігін атап өткен жөн.

Кондоминиумды тіркеу не үшін қажет ?

Кондоминиум объектісін тіркеу үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне үйдің ортақ мүлкін басқару құқығын береді.

Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеуден өткізген сәттен бастап барлық меншік иелері кондоминиум қатысушыларының заңды мәртебесіне ие болады. Үйдің барлық пәтерлері иелері мен тұрғын емес үй-жайларының меншік иелеріне, жеке (бөлек) меншіктегі пәтердің немесе тұрғын емес үй-жайдың жалпы ауданына пропорционалды түрде, ортақ мүліктегі (жер учаскесін қоса алғанда) белгілі бір үлесі заңды түрде бекітіледі.

Үйдегі барлық пәтер иелерінің (кондоминиумға қатысушылар) жалпы мүлікті басқару, күтіп-ұстау және жақсартудағы жауапкершілігі, қызығушылығы арта түседі, бұл үйде өмір сүрудің қолайлылығын арттыруға әсер етеді.

Кондоминиумға қатысушылар мынадай құқықтарға ие болады:

- өз үйі үшін кондоминиум объектісін басқарудың нысандарын - пәтер иелерінің кооперативін, басқарушы ұйымды немесе жеке тұлғаны (менеджерді) өз бетінше және ең қолайлысын таңдау;

- пәтер иелерінің жиналысында өз үйін басқару мен күтіп-ұстауға байланысты негізгі мәселелер бойынша шешім қабылдау;

- басқару органының тоқсан сайынғы есептері арқылы қаржының жұмсалуын бақылау;

- ортақ мүліктің бір бөлігін жалға беру (мысалы, жертөлелер, шатыр астылары, жабынды), ал жалдаудан түскен табысты үйдің қажеттіліктеріне бағыттау.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1638554-qazaqstandyqtargha-kondominiumdy-tir/