Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назерке Әріпті өлтірді деген күдікті түрмеден қалайша ерте босап шыққан?

Опубликовано:

18 жастағы алматылық түлек Назерке Әріпті өлтірді деген күдікті бұған дейін кісі өлтіргені үшін сотталған. Алайда ол жаза мерзімінің жартысын өтеген соң, бостандыққа шығарылған. Жоғарғы соттың өкілдері күдіктінің неге мерзімінен бұрын босап шыққанын түсіндірді деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Прокуратураның мәліметінше, 2009 жылдың 10 ақпанында ер адам кісі өлтіргені үшін түрмеге тоғытылған. Сот оны 11 жылға бас бостандығынан айырған. Алайда ол жаза мерзімінің жартысын өтеген соң, бостандыққа шығарылған.

"Қылмыстық заңнама бойынша, тағайындалған жазаның үштен бір бөлігін өтеген соң мекеме әкімшілігінен жағымды мінездемесі болып және мадақтама айтылған соң сот К.А.Исхаковты пробациялық бақылау орната отырып, мерзімінен бұрын шартты түрде босатты", - делінген Жоғарғы сотының жауабында.

Мұның алдында Алматы қалалық прокуратурасы ер адамның әр жылдары бұзақылық, зорлау, тонау және кісі өлтіру қылмыстары үшін жаза алғанын хабарлаған еді. Алайда Жоғары сот оның адам зорлағанын растамады.

"Исхаков Курбан Ахтемович адам зорлағаны үшін жазаланбаған. 2005-2009 жылдар аралығында ол ұрлап кету мақсатынсыз мотоциклді иеленгені және ұялы телефонды кәмелет жасына толмаған балдан жымқырғаны үшін шартты түрде сотталған. 2009 жылы К.А.Исхаков кісі өлтіргені үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылған", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Тағы оқыңыздар: 

"Зың-зың" әнін шығарған шымкенттік жігіт қауіпті дерттен көз жұмды

Ауыр дертке шалдыққан қазақ режиссері бір бөлмелі жатақханада өлместің күнін кешуде

Бағдат Мусин: Мен ХҚКО қызметкерлерін базаға кіру мүмкіндігінен айыратын едім

"Канело" берген уәдесінен айнып қалса, Головкин кіммен кездесуі мүмкін?

Дубайда ер адамның санына қол жүгірткен азамат түрмеден бір-ақ шықты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1659202-nazerke-aripti-oltirdi-degen-kudik-bu/

pixel