Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлына шайтанның атын қоймақ болған ерлі-зайыптылар жұртты дүр сілкінтті

Опубликовано:

Германияда ерлі-зайыптылар туған ұлына мағынасы әзәзілмен тең саналатын Люцифер есімін бермек болды. Алайда сот жас жұбайларды райынан қайтарды. Бұл туралы NUR.KZ порталы news.bigmir.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кассель қаласында тұратын ерлі-зайыптылардың ұлына оғаш есім бермек болғанын біліп алған жергілікті шенеуніктер соттың көмегіне жүгінген.

Олар "Люцифер" есімі болашақта балаға көп қиындықтар тудыратынынан қорыққан. Нәтижесінде сот ерлі-зайыптыны балаға өзге есім беруге көндіре алды.

Ақылға құлақ асқан жас жұбайлар жаңа туған ұлына Люциан деген есім беретін болды.

Айта кетсек, христиан дінінде Люцифер есімі әзәзіл мағынасымен тең күнаға батқан періштені білдіреді.

Тағы оқыңыздар: 

Құмар ойын ойнап бәрінен айырылған қазақ жігіті өкініштен жылап жіберді

Атағы жер жарған актердің өзіне ұқсамай қалған хас сұлу қыздары туралы не білеміз?

Естен кетпес түннен кейін ақмолалық ер адам санын соғып қалды

Келіншек екі бала туып берсе де ұсыныс жасамаған күйеуінің басынан алмамен бір-ақ ұрды

Сүйіктісін қызғанған ер адам оны өлтіріп, ауласына көміп тастады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1659886-ulyna-shaytannynh-atyn-qoymaq-bolghan-er/

pixel