Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бишімбаевтың әйелі сотқа өтініш жасады

Опубликовано:

Атышулы Бишімбаев сотының кезекті отырысы тараптардың өтінішімен басталды. Атап айтсақ, бұған дейін көлеңкеде жүрген Қуандық Бишімбаевтың әйелі бүгін сотта мәлімдеме жасады. Бұл туралы Астана арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Назым Бишімбаева Қызылордадағы шыны зауыты құрылысының тоқтап қалуына Мұратхан Тоқмадидің тікелей қатысы бар дейді. Сондай-ақ экс-шенеуніктің әйелі зауытта заң бұзушылықтар орын алған күннің өзінде, оның қылмыстық іске жатпайтынын айтып отыр.

"Зауыт белгілі бір тәртіп бойынша салынды. Ол жерде бұзушылықтар болған шығар, алайда ол қылмыстық іске емес, азаматтық құқықтық бұзушылықтарға жатады. Қорғаушысы хабарлағандай, істе Тоқмәдидің қауымдастығының атынан өтініш болды. Алайда тергеушілер оны жасырып отыр. Ұлттық бюроның зауыт құрылысын неліктен тоқтатқаны біз үшін жұмбақ", - дейді Назым Бишімбаева.

Астана арнасының хабарлауынша, айыпталып отырғандардың бірнешеуі өз кінәсын мойындамаған. Осы ретте, мемлекеттік айыптаушылар, олардың қайта тергелуіне қатысты ұсыныс жасапты.

Ал Бишімбаевтың қорғаушысының айтуынша, әрбір сот отырыстарында жасалатын мәлімдеме, арыз, өтініштер әлі де баршылық. Бұл іс өте тартысты болады және ұзаққа созылады деп болжанып отыр.

"Процесс жылдам және жеңіл біте қоймайды. Бұл ұзаққа созылатын процесс деп ойлаймын. Өте тартысты және айтысқа толы және өте күрделі процесстердің бірі болғалы тұр", - дейді Бишімбаевтың қорғаушысы Мәди Мырзағараев.

Айта кетейік, бас-аяғы 250 томнан тұратын ауқымды қылмыстық іс бойынша 23 адам айыпталып отыр. Атышулы істегі басты фигурант ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа пара алу, сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салу деректері бойынша айып тағылған.

Еске салайық, экс-шенеунік пен оның сыбайластары биылғы жылдың қаңтарында ұсталған. 9 ай бойы тергелген қылмыстық іс қараша айының басынан сотта қаралып жатыр.

Тағы оқыңыздар: 

ІІД: Алматыдағы арнайы операцияда ұсталған күдіктілердің «жабайы Арманға» қатысы жоқ

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады

Ғалымдар ішімдіктің адамға тигізетін зияны туралы қорқынышты жайттың басын ашты

Өте сирек кездесетін акулаға ұқсас жыртқыш аң әлем жұртшылығын шошытты (видео)

Екі жыныспен дүниеге келген нәрестені дәрігерлер қызға айналдырып жіберген

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1675362-bishimbaevtynh-ayeli-sotqa-otinish-zhasa/

pixel